"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейірімділік – асыл қасиет

30.01.2017

  «Мейірімділік – асыл қасиет»

        Мақсаты: білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін

дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды

мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

         Міндеттері: -мейірімділіктің адам

өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, сызба,кесте

Сабақтың барысы:              

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа

аударту;           

-психологиялық дайындық;

Шаттық шеңбері     

Мұғалім:    -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және

ұстаздар!Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет»

тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар

барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар  менің  айтқанымды

қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Мұғалім:

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Мұғалім:  -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып

қояйық.

Жаңа сабақ:   -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы

«Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің

бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір

шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады

екен.

– Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне

бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді

адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын

ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам      

    ақкөңіл        

  жаны таза          бірлік

жарастық                                          

                                махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік

шуағы           

               рақымшыл

 

 

ынтымақ                      

                            бауырмалдық

 

жылы жүректі

       сүйіспеншілік  

         қамқорлық  

      достық.

 

«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

-Сурет бойынша жұмыс

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі)

Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз

алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен

сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам

басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді

осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік

сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын

өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау,

игілік жасау

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын

үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет

шапалақтайды)

 

-Мейірімді болуға ….

(болады),              

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға ….

(болмайды),             

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға ….

(болады),                    

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға ….

(болады),                  

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға ….

(болмайды),                 

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға …..

(болады),           

      Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға ….

(болады),               

Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),        

            Жаман

болуға …. (болмайды),

 

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

 

әдепті                       

жақсы                   

жанашыр

 

Дәйексөз:       

Мұғалім тақтадағы   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық

даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.   Ана – халық

ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге

әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан

пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның

да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал

сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ

газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап

жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін

көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі

заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп

санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол

үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік

ағашына»  жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:  -Балалар бүгін сабақта адам

бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта

өздеріңе не алдыңдар, не

үйрендіңдер?         (оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын

жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін

қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Жүректен- жүрекке   Мұғалім: «Жылы сезім

жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды

жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне

деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай 

сен ақкөңілсің т.б».

Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге бақыт, шаттық

тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынды.

 

 

 

Просмотров: 925


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст