«Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау»
9 "А" және «Ә» сынып оқушыларымен кәсіби мамандыққа
бейімдеу бойынша «Мамандық таңдау- өміріңнің кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында
тренинг өтті. Оқушыларға мамандықтар туралы бейнебаян көрсетіліп, түрлі психологиялық кеңестер берілді. Түрлі топтық жұмыстар арқылы түрлі мамандықтың қыры мен сырын ашып, пікірталас барысында ойларын ортаға салды. 9-сыныптан кейін оқуға түсудің тиімділігі неде? Зиянды неде? деген сауалдар төңірегінде ой қозғалып,
ақыл-кеңестер берілді. Мамандық таңдауда-қателеспеу керектігі де тілге тиек
етілді. Тренинг соңында стикерлерге пікір жазып, тілектерін білдірді. Осындай
түрлі тренингтер жүргізу арқылы оқушылардың өз жүрек қалаулары бойынша мамандық
таңдауларына кішкентай болса да септігіміз тиіп, үлесімізді қосамыз деп
ойлаймын.