Сабақтың тақырыбы: «Жастық жігерім -жақсылыққа» пікірталас сабақ
Сабақ мақсаты: дұрыс әрекет құндылығы арқылы
оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екенін сезіндіру.
Міндеттері:
- Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығын ұғындыру;
- Өздерінің табиғи икемділіктерін есере отырып мамандық таңдауға бағыттау ;
Оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне. Ісі мен әрекетіне
жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер:
жауапкершілік,сенімділік, қайсарлық, жігерлік
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- «Нұрға бөлену» - тыныштық сәті.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар бойынша жауаптарын айту
а) Адам өз өмірінің сара жолын қалай қалыптастырды?
ә) Шығыс ақыны Саадидің «Адам әр секундта бір дем алады» деген сөзінде қандай
өнеге бар?
б) Білімді болу үшін адамның материалдық жағдайы кедергі бола ма ?
в) Сыншыл болудың адамға қажеті неде?
г) Жеткен жетістіктеріне қазақ баласы масаттанбайтыны – қанға біткен
қасиеттің
сыры неде?
3. Дәйексөз.
«Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт».
Ж.Ж.Руссо
4. Әңгiмелеу. Оқулықпен жұмыс
ДЖИГСО әдісі бойынша мәтінмен жұмыс «Неге
арналсаң,соны істе!»
· «Өз орнында» қызмет ету дегенді
қалай түсінесіз?
· Қоғам мүддесі мен жеке адам
мүддесі үнемі сәйкес келе ме?
5. «Шыншыл бала» видеосын көрсетіп пікірталас жүргізу
Пікірталас ережелері:
§
Өз ойларын баяндаған
кезде бір-бірімен мәдени сөйлесуге
§ Сұрақтарға
нақты жауап қайтаруға
§ Бір-бірін
ренжітпеуге
§ Қарсы топтың ойын кекетпеуге міндетті.
6. Шығармашылық жұмыс. Суреттер сөйлейді
«Менің болашақ өмірім» тақырыбында сурет
салу.
7. Топпен ән айту. Ән «Шақырады көктем»
Сөзі: Т.Молдағалиевтікі Әні: Ә.Бейсеуовтікі
8. Үй тапсырмасы.
«Менің қоршаған ортаға тигізер пайдам» эссе жазу
9. «Бәрі өз қолыңда» видеоролик көрсету. Пікірлерін айту
10. Соңғы тыныштық сәті.
11 Кері байланыс
Сабақ туралы ойларын жазу
Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде
сақтайық.
Рахмет !Сау болыңыздар!