Қайырымдылық жасау- игі іс
Қазақ халқы қашан да жетім-жесірін жылатпай, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсетумен ерекшеленіп тұратын. Кең пейілділік біздің қазақтың қанында бар десек те артық айтқан
болмаспыз. Мейірімділік, қамқорлық, өзгеге қамқор болу дегенде біз алдымызға
жан салмаспыз. Оның бір дәлелі жыл сайынғы дәстүрлі «Қайырымдылық пен
қамқорлыққа» арналған апталықтар мен айлықтар болса керек. Осы әдет бойынша жыл
сайынғы дәстүр ізімен биыл да сол қалыптан жаңылмай №1 Егіндікөл орта
мектебінің ұжымы мен оқушылар қауымы қолдарынан келгенін аянып қалмады. 2-11
сынып оқушылары үйлерінен пісіріп әкелген тәттілерін жәрмеңкеде сатып, одан
түскен қаржыны «Жүректен-жүрекке» ұраны бойынша мүмкіндігі шектеулі, аз
қамтылған отбасыларды қолдау жәшігіне салған болатын. Ал 8-11 сынып оқушылары
салған «Біз қайырымды жандармыз» атты қабырға газеттерінің махаббат пен
сүйіспеншілікке толы екендігі шындық. Сонымен қатар ұстаздар ұжымы да өз
үлестерін қосу мақсатында «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» жәшігіне салған
көмектері де игілік пен ізгіліктің белгісі іспеттес. Жиналған қаражат аз
қаржыландырылған отбасының балаларына қажетті оқу-құралдар мен киім-кешекке
жұмсалды. Мәселен, үйде оқытылатын оқушы Айтбай Нұрайға,3 сынып оқушысы Школбай
Әрсенге,8 сынып оқушысы Елмұратова Асемге және 6 сынып оқушысы Черепанова
Марияға оқу құралдары алынып берілді.Ал 4 сынып оқушысы Дулатов Мирасқа,5 сынып
оқушысы Шахманова Ақниетке,6 сынып оқушысы Көшербаев Айсұлтанға мектепке
қажетті киім-кешектер алынды. Өзгеге қамқорлық жасап, басқа біреудің шынайы
күлкісі мен алғысына бөленгеннен асқан бақыт жоқ шығар?! Осындай игі шаралар
жалғасын таба берсе адамдар арасындағы мейірімділік өсіп өзара қамқорлықта ара
түсетіндігіне кәміл сенеміз.