Текст
№1 Егіндікөл орта мектебінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналысты мектеп директоры Д. Балтабаева ашып, Жолдаудағы білім саласына кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар жаңа 2017 жылғы Жолдау аясында тарих пәнінің мұғалімі С. Даиров баяндама жасап, өз ой-пікірін білдірді. Тақырыпқа орай қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мектеп ұжымы Жолдауды жіті талдап, ондағы басты талап-міндеттерді жүзеге асыра отырып, білім алушы қауымға жеткізу жолында жұмыс істеу керектігі айтылды. Сол бағытта жұмыс істеуге бағыт-бағдар алды.