"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап көрмесі

09.02.2017

Тарих

толқынында

 

 

Халықта «бәріне

уақыт төреші» деген бір сөз бар. Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің,

халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес келеді. Ал саяси

күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған

қайраткерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің

өміршендігіне байланысты. Алаш қозғалысын ұластырып, ұлттық – демократиялық

бағыттағы Алаш  партиясын ұйымдастырған,

европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын

жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяси, құқықтық

көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ. Алаш партиясының негізгі

ұйымдастырушылары европалық білім алған қазақ зиялыларының алғашқы буыны Ә.

Бөкейханов, Ж. Фқбаев, Х. Досмұхамедов т. б. Халық арасынан шығып, қазақ

даласында оқу – ағарту, әдебиет пен публициқызметті өрістеткен А. Байтұрсынов,

М. Дулатов сияқты халық қайраткерлерімен ортақ мақсат жолында рухани және саяси

одақ құруы Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден бір жетекші саяси күшке

айналдарды.

Мектеп

кітапханасында «Алаш Орда ға – 100 жыл» кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеде Алаш қайраткерлерінің саяси күресі

туралы, Алаш жетекшілері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов т. б.

қазақтың азаттық жасындағы арыстарының қоғамдық – саяси қызметі туралы

талдауларды табуға  болады,  1917 жылы желтоқсан айында Орынбор қаласында

тарихта тұңғыш рет Қазақтың Алашорда үкіметі құрылды. Үкімет құрамына бес адам

кіріп, төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды .Бұл қазақтың тұңғыш, дербес,

ұлттық үкіметі болатын.  Осы және

басқалар туралы мәлімет алуға, оқуға арналған 20 кітап көрмеде орын тапты. Көрме

жалпы оқырман қауымға, мектеп оқушыларынан бастап, ата – аналар мен  мектеп ұстаздарына арналған.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст