"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Достық – біздің тірегіміз

09.02.2017

Тәрбие сағаты: «Достық – біздің тірегіміз»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.    Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2.    Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

3.    Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, үнтаспа(видеоролик), дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, суреттер.

                                              Сабақтың

барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Достық – біздің тірегіміз» тәрбие

сағаты.

2-топшаға бөліну:

1- топша «Сыйластық»

2- тооша «Достық»

ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары

1.   Досдеген кім?

Сыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

                Сенімді адам

2. Достық

дегенді қалай түсінеміз ?(Жауапты сурет арқылы бер.)

3.Досың бар ма? Ол кім?

4. Достық шынайы сезім бе, әлде

жай ұғым ба?

5. Достық жасқа байланысты ма?

6. Қыз бала мен ер баланың

арасында достық бола ма?

7. Жақсы дос, жаман дос қандай

болады?

8. Досыңыздың басына қиындық

түсті не істейсіз?

9. Дос қандай болу керек?

Дос - жалғыз болсаң да жаныңда жүргендей

сезінетін адам.

Ол – қатеңді кешіретін, түсіністік танытатын, сыртыңнан

қорғап, жоқтығыңды сездірмейтін адам. Ол

сен жайлы әрдайым жақсы ойлайды, оны ренжітсең қайта ақтауға тырысады, «мүмкін

ол байқамаған шығар», «бұлай істейін деп ойламаған шығар» деп кешірім танытады.

Ол өзіне қалаған жақсылықты саған қалайды.

Мал-дүниеңді, жанұяңды, ар-намысыңды өзінікіндей қорғайды. Ол қиындықта да, жаймашуақ кезде де, қуаныш-қайғыда

да, кеңдік-тарлықта да, байлық-кедейлікте де сенімен бірге.

Ол шалыс бассаң насихат айтады, жақсы іс істесең

қуаттайды, ізгі амалыңа жәрдем көрсетеді.Ол саған білімімен, амалымен,

әдебімен, мінезімен пайда тигізеді. Сен сұрамасаң да әрдайым сыртыңнан дұға

жасап жүреді

Олай болса «Дос»

күншуағын құрастырайық.

Адал

, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді Дос кешірімді ,төзімді,

ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық ,бүкпесіздік болмауы керек.

                                               

 «Достық»

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі

болыпты. Бірде оның

замандастары:

·       

Достық

нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

·       

Достықтықтың

екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

·       

Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа бола алмайды, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері

тыңдалады.  Оқушылар енді назарларымызды үнтаспаға аударамыз.

 

IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі

Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек.

Өйткені ...

Ә)

Сыйластық бар жерде ...

V. Жағдаяттан шығу.                                    «Достық» және «Сыйластық» топтары

1. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер

күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген

ақшасын жоғалтып алып, не істерін білмей тұр. 

Не істейсің?                                    2.

Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң

жетпейді. Сен не істейсің?

Y. «Мінездеме беру»

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы

жазылған есімді балаға бір- біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.                                                                                                                    

Тірек сөздер:    Адал, арам, жомарт , өз қамын ойлайтын, адамгершілігі мол, қарапайым сөзге түсінетін , мейірімді ,

жалқау болмай, кешірімді, тәккапар, төзімді, қатал, ақылды, мейірімді, сабырлы,

салмақты, қызғаншақ, тұйық.

 «Бес

саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан

алдымыздағы жүкті көтерейік.

YІ. Мақалды жалғастыр.

1-топ «Сыйластық»

1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам ....

қалады».

2. «Дұшпан .... айтады,

дос....айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін

тұяқ .......».

4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі

жақсы.».

5. «..........ақшаң болғанша, көп

досың ...».

6. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... ».

жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам

доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос

жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін

тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың

көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың

болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

2- топ «Достық»

1. «Досы ... , өзі де жақсы».

2. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

3. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».

4. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп».

5. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

6. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары

1. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

2. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

3. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

4. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

5. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

6. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

.

Қорытынды:

·       Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

·       Досыңды алдамай, оған адал бол.

·       Досыңды қорлама.

·       Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

·       Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

·       Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Просмотров: 3045


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст