Күні: 15 Айы: Ақпан Сынып:11
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық оптика тарауы бойынша бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: есеп шығару қабілетін арттыру
б) дамытушылық: оқушылардың физика пәніне деген
қызығушылығын ояту, теориялық білімдерін есеп шығару арқылы дамыту
в) тәрбиелік: өз бетімен шешім қабылдауға, жігерлі
ұл – қыздарды тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру
2.Формулаларды еске түсіру
3.Бақылау жұмысын жазу
4.Бақылау жұмысына нұсқау беру
5. Бақылау жұмысын орындау
6. Үйге
тапсырма беру
7.
Сабақты қорытындылау
1. Ұйымдастыру
2. Формулаларды еске түсіру
3. Бақылау жұмысын жазу
1-нұсқа
1. Кеңістіктің қайсыбір
нүктесіне оптикалық жүріс айырымы 2мкм когерентті сәулелер түседі. Егер нүктеге
:а) толқын ұзындығы 760 нм қызыл жарық; ә) толқын ұзындығы 600 нм сары жарық;
б) толқын ұзындығы 400 нм күлгін жарық түссе, онда бұл нүктеде жарық күшейеді
ме әлде әлсірейді ме?
2. Периоды 0,02 мм дифракциялық тордың
көмегімен алынған бірінші дифракциялық максимум орталық максимумнан 3,6 см, ал тордан 1,8 м қашықтықта алынған.
Жарық толқынының ұзындығын табыңдар.
3. Қосдөңес жұқа линза
арқылы экранда одан 2 м,
ал линзадан 0,6 мқашық тұрған нүктелік жарық көзінің айқын кескіні алынған.
Линзаның негізгі фокус аралығын анықтаңдар.
2-нұсқа
1. Когерентті екі көзден
шыққан, толқын ұзындығы 400 нм жарық толқындары бір-біріне қарама-қарсы бағытта
таралады. Егер жүріс айырымы : а) мкм; ә) ,2 мкм болса, онда
интерференция нәтижесі қандай болады?
2. Дифракциялық тор толқын
ұзындығы 486 нм жарықпен жарықтандырылған. Егер бірінші реттік дифракциялық
максимум орталық максимумнан 2,43
м қашықтықта орналасса және тордан экранға дейінгі
арақашықтық 1 м
болса, дифракциялық тордың периодын табыңдар.
3. Оптикалық күші 10 дптр
жұқа қосдөңес линзадан 0,15 м
қашықтыққа, оптикалық оське перпендикуляр етіп, биіктігі 2 см дене қойылған. Кескіннің
орнын және биіктігін табыңдар.
4. Бақылау жұмысына нұсқау беру
5. Бақылау жұмысын орындау
6. Үйге тапсырма беру: геометриялық оптика тарауын қайталау
7. Сабақты қорытындылау