Адамның өлім туралы ойы
Қазіргі уақытта дүние жүзінде суицид көптеп кездесіп жатыр. Адамның өз-өзіне қол салуы жан түршігерлік іс. Әлем бойынша өз-өзіне қол сұғудан Жапония бірінші орында тұрса, Қазақстан үшінші орында тұр. Ал, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Ресей бірінші тұрса, еліміз алғашқы үштікті аяқтаған. Соған сәйкес мемлекетімізде суицидті екі топқа бөлсе, оның екеуі де
Қазақстанда көрініс тапқан. Суицид адамның жасына, жынысына, қызметіне
қарамайды. Статистикаға сүйенсек алты күн ішінде бір суицид болады екен.2017
жылдың басында Ақмола облысы бойынша Зеренді ауданында-2, Қорғалжын-1,
Целиноград. ауданы-1, Жарқайын -1, Көкшетау-1. Әсіресе 12-13 жас аралығында
суицид етек алып тұр .Осылай жалғаса
берсе демографиялық ахуалға әсер етері анық.
Сонда «суицид» дегеніміз не?. Латын тілінен аударғанда –«өзін-өзі өлтіруі»
дегенді білдіреді,яғни адамның өзіне-өзі қиянат жасауы. Ал енді осы балаларды
суицидке кім итермелейді? -деген сұрақ туындайды. Негізінен адамда өлім туралы
ой 3-7 жас аралығында қалыптасады екен-7 жас аралығында қыз бала –анасының
мінез-құлқын қайталайды, ер бала-әкесінің мінез-құлқын қайталайды.Ал 12-15 жас
аралығында балада демонстративті мінез-құлық пайда болады. 12-16 жас аралығында
балада 4 бағыт қалыптасады.
1.Гуманистік /Мен қоғамды қолдаймын/
2.Эгоистік /қоғам
жақсы «Мен» жаманмын/
3.Пессимистік
/қоғам жақсы мен жаманмын/
4.суицидтік
Осы қалыптасқан ойымен бала орта
сыныпқа келеді, онда әртүрлі стресске
түседі,мазасыздану деңгейі жоғарлайды, депрессия пайда болады. Осы кезде
баламен жұмысты дұрыс жүргізбесе баланың жадында сақталып қалады да, бір күні
оны іске асыруға кіріседі.
Суидцидті айтқанда шындыққа шынайы бетпен қарауымыз керек.Білім ошағы
мектепте әртүрлі әлеуметтік топтағы балалар бар. Оның ішінде әлеуметтігі төмен
отбасылардың балалары, білімі нашарлары да бар. Оларды келмейді деп ұрсамыз,
жазғырамыз. Артынан "қатты айтып қойдым ба" деп ойланып та қаламыз.
Алайда, мектеп табалдырығынан бiлiм мен тәрбиенi үйретуде дұрыс қадағаламаған
ата-ананың қателігін жөндеумен әуреміз. Ата-ана кінәсі де жетерлік. Ата-анасы
тәрбиелей алмаған оқушылар бізге келіп жатқандықтан біз олардың білімін
арттырудың орнына, олардың тәрбиесімен қайтадан айналысуға тура келеді.
Ата-анадан жақсы тәрбие алған бала артық қылықтар жасамайтыны айдан анық.
Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті
береміз.
1.Жағдаят
(Компьютер ойнауға ақша таба
алмай отырған Самат пен Сәкен біраз ақылдасты. Саматтың есіне асханада ақша
ұсатқан Ербол түседі. Сол Ерболды қорқытып ақшасын тартып алу керек керектігін
Сәкенге айтады.)
Сәкен: Ербол мұнда кел, Мен ақша
тауып алдым.
Ербол: Қане ақша?
Самат: Ербол сен асханада ақша
ұсатып тұрғаныңды көргенмін. Сол ақшаң қайда? Бізге бер.
Ербол: Жоқ бере алмаймын. Анам
ақшаны қайтарып әкел деген. Анама қайтарып беремін.
Сәкен: Әкел ақшаны. Ақша қалтаңда
ғой( қалтасынан ақшаны тартып алады)
Самат: Сен біздің ақша
алғанымызды ешкімге айтпайсың? Айтсан саған жаманболады.
Ербол: Анама айтамын (Жылап кетіп
қалады)
Сұрақ: Осы көріністе баланың
қандай қылығын байқадыңыз? (ата – ананың жауабы тыңдалады)
буллинг
2.Жағдаят
Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген
ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ
ата – анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі
қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін
жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны
орындауға салғырт қарайды.
Сұрақ.
1.Нұрланның ата – анасының
қылығын қалай бағалайсыз?
2. Ата – ананың бала алдындағы
міндеттері қандай?
3.Жағдаят
Айжан: Дина маған анам ұялы телефон сатып
әперді.
Дина: Кәне өте әдемі екен қарашы, Айнұр.
Айнұр: Әдемі екен бірақ «ең алдымен маған анам
білім ал, сабақты жақсы оқы. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды сол кезде
өзің сатып аласың» деген.
Айжан: Айнұр сен сабақ, сабақ деп жүресің.
Маған ата - анам «ақша болса бәрін сатып алуға болады» деді.
Сұрақтар:
1. Қазіргі кезде балаларға қымбат зат алып
беруді дұрыс деп санайсыз ба?
2.Білімді ақшаға сатып алуға бола ма?
"Есектің жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді" дегендей қазіргі
дамыған заманда ата-ана балаларын ешқандай жұмысқа салғысы келмейді. Кейбір ата
– аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп баланың бетінен қақпай көңіліне
қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлықпен
қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей
себеп болады. - Менің балам сенбілікке қатыспайды, тек сабаққа келіп кету
керек,- дейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
II бөлім,
27-бап, 2-тармақ
- Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі
міндеті.-делінген.
Сол себепті тәрбиенің бастамасы
ата-ана қолында.
Балалар көбінесе теледидардан және
интернеттен көргендерінің барлығын шындық деп қабылдайды.
Баланы Интернетте қараусыз қалдыру – оны үлкен қалада
жалғыз қалдырумен бірдей. Балалық қызығушылық немесе байқаусызда қызықты
сілтемені басып қалу арқылы қауіпті сайттарға оп-оңай алып кетеді. Ата-аналар!
Өз балаңызға интернетті өзін-өзі тану және қоғамда сәтті өмір сүру үшін қажетті
ақпарат көзі ретінде пайдалануды үйретіңіз!
Балалар үшін
интернетте қандай қауіптер жасырынған:
Порнография, зорлық-зомбылықты
насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг. Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік
желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян
тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды. Қазіргі желіде етек алған «Көк кит», «Қаш немесе өл», «Оят мені» деген
секілді ойындарды пайда болды.Негізінен бұл сайт ресми түрде 2016 жылы
жабылған. Бұндай сайтқа балалар бостандық бергенде, ата-ана тарапынан
жауапкершіліктің жоқтығынан осындай сайтқа кіруде.Біз ата-аналарды барынша сақ
болуға, балаларын қадағалауға шақырамыз».
Сіздің
балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз
балаңыздың байланыс жасайтын адамдарының тізімін тексеріп, олардың әрқайсысын
жеке танитындығына көз жеткізуіңіз қажет;
Жеке бас
туралы ақпараттарды (телефон нөмірі, үйдің мекен-жайы, мектептің атау/нөмірі
және т.б.) интернетте жарияламау керектігін, интернеттегі таныстарға өз
фотосуреттерін жібермеуді балаңызға түсіндіргеніңіз жөн;
Егер бала
жасы өзінен үлкен адамдармен қарым-қатынас жасайтын болса, ол туралы әңгімелесу
қажет;
Қорытынды.
Бала өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп
тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты
міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі алтын тірегі, діңгегі – бала. Әр ата – ана
өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш
уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата – ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани
жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп
айта алар едік. Сондықтан үйде ата – ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол
табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді деп ойлаймын.