Тақырып: «Өнеге отбасынан»
Құндылық : Сүйіспеншік Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сыйластық, адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімділіктің маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: Білімділік: оқушыларға адам бойындағы сүйіспеншілік, шынайылық қасиеті туралы түсінік беру; Дамытушылық: адамдарға деген риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру; Тәрбиелік: отбасын, отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Қажетті құрадар Оқулық Плакаттар Маркерлер Видоеролик |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезең. Тыныштық сәті Ал қазір көзімізді жұмамыз да, көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы елестетеміз.Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарады. Біз баяу жүріп отырып үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Міне үйге де келіп қалдық, баспалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нанның иісі мен хош иісті шайдың иісі келіп тұр. Көзімізді ашамыз. - Сендерге бұл үй ұнады ма? - Балалар, енді тақтаға назар аударайықшы. Не байқап тұрсыңдар? Күніміз бұлтты екен, ия? Біздің шаңырақта да кейде бұлт төнетін сәттер болатынымен келісеміз. Оған сендердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып тұрады деп ойлайсыңдар? Ал қане бұлтты қуып жіберейік (бұлтты алып отырып артындағы жазуды оқимын: жалқаулық, қаталдық, өтірік айту) енді шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек. Ол үшін шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек: 1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі? 2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың? 3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің? 4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың? 5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің? 6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді? 7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше? 8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің? Балалар бүгін біз сабақта қандай тақырыпты талдап жатырмыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өнеге – отбасынан» деп аталады. Біз бүгінгі сабақта отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығы туралы әңгімелейміз. Әңгімелесу - Отбасы дегеніміз не? - Сен отбасында кімсің? - Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым–қатынас жасайды? -Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) - Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, отбасы бұл тәрбие бесігі. Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы - қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.
|
Ескерту: 5 «Т» |
Дәйексөз.
«Ата-асқар тау, Ана-бауырындағы бұлақ Бала-жағасындағы құрақ» Халық мақалы 1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Неге біз әкені тауға балап тұрмыз? 3. Отбасындағы татулықты қалай түсінесіңдер? 4. Ананың балаға деген махаббатын неден көруге болады? 5. Өз бойыңғы сүйіспеншілігіңді кімге арнайсың?
|
|
Оқиғаларды әңгімелеу Оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ы.Алтынсариннің « Бақша ағаштары» атты әңгімесін оқытамын, оқушылар сахналайды. • Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде? • Әкесі баласына қандай ақыл айтты? • Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? - Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.
Жағдаяттарды талдау Оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін топқа түрлі жағдаят беремін. 1. Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата–анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды. - Саяттың іс-әрекеті дұрыс па? - Саятқа қандай кеңес берер едіңдер? 2. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата–анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды. - Меруерттің немқұрайлығының себебі неде? - Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар? 3. Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол өзінің ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады. - Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді? - Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
|
|
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс Балаларды түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлеміз. 1-топ: «Мен және менің отбасым» хат жазу 2-топ: «Отан-отбасыдан басталады» жақсы тілектер жазу 3-топ: «Менің үйім-менің қорғаным» сурет салу 4-топ: «Маған қымбат жандар» биопоэма жазу |
|
Топпен ән айту. «Ақ мамам» Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
|
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Тыныштық сәтін ұйымдастыру. Баяу музыка. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды естеріңізге түсіріп көріңіздерші. Оны жүрегімізде сақтап, ата-анамызға деген үлкен сүйіспеншілік сезімдеріміздіалақанға салып, барша әлемге сыйлайық.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде! |
|