Бізге интернеттен денсаулық қымбат
Білім мен ғылымның шексіздене күн сайын дамуының жетістіктері мен жемісін қазіргі қоғамдағы тіпті болашақ өмірге келер ұрпақ та ана құрсағында жатып - ақ танып, электронды техниканың қыр - сырын меңгері туатынын күнде көзіміз көріп те, дабыл қаға айтып та жүрміз. «Айшылық алысжерлерден жылдам хабар алғызды...» дегендей дүниенің төрт бұрышын желден де жылдам кезіп, әлем халықтарын бір - бірімен байланыстыратын ғаламторлық жүйені
қазіргі таңда қолданбайтын адам аз шығар. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға
дейін өзіне тәуелдендіретін осынау төрт бұрышты көк экранның қандай сиқыры бар
деп кейде қайран қаласың. «Таяқтың да екі ұшы бар» демекші бұның да зиянды
жақтары сан алуан екенін, экранға көп телміргеннен ұрпақтың денсаулығына,
көзіне, психикасына, бос уақыт дұрыс пайдалануына, ой санасының дұрыс
қалыптасуына т.б. зиянды деп айтып жүргеніміз түк те емес екен. «Қуырдақтың
көкесін түйе сойғанда көресің» демекші қазіргі азғындаған қоғамда белең алған
жаңбырдан соң қаулаған саңырауқұлақтай «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня
в 4.20», «f57», «f58» «50 дней до моего...» т.б. балалардың психикасын
бүлдіріп, суицидтік жағдай тудырып, тіпті ашып айтсақ тұп - тура өлімге
итермелейтін ғаламтор желісіндегі ойын сайттары пайда болып, барша
жұртты алаңдатуда. Ешқандай шеті мен шекарасы жоқ, тілді де талғамайтын аталмыш
ойын сайттары әуелі Рессей елінде пайда болып, әлемге кең тараған көрінеді.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп ұлы данышпан Абай
атамыз айтқандай осындай еріккеннің ермегінен ежелгі көршімізде пайда болған
осынау от шығарар ойындар біздің елге де қауіп төндіріп қане қоймай, еліміздің
бірнеше жерлерінде жастарымыз осы қасгөй
ойындардың құрбанына айналып та үлгеріпті. Статстикалық мәліметтерге жүгінсек
бұл пәлекеттің шеңгелді тырнағы мен құрбанына әлі оңы мен солын танып білмеген,
өмір құндылықтарын түсіне бермейтін, өтпелі шақ кезеңіндегі 11 – 15
аралығындағы кілең балалар мен жасөспірімдер және отбасы мейірімінен тысқары
қалған, отбасылық тәрбие жағдайы төмен балалар көптеп ілігетін көрінеді.
Сондықтан болашағымызға балта шаптырмай, ұрпағымыздың тәрбиесіне әрдайым мән
беріп, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре өсіріп, азғындыққа
азғыратын аты шулы ойындық сайттармен ел болып, қоғам болып күресуіміз керек.
Осынау ғаламтор желісінде белең алған теріс ақпараттар мен түрлі ойындық
сайттарға қарсы және олардың алдын алу мақсатында №1 Егіндікөл орта мектебінде 10 ақпаннан 10
наурызға дейін «Өмірге иә дейміз» атты айлық іс - шараның жоспары құрылып түрлі
жұмыстар жасалуда. Осы іс - шара аясында 22 ақпан күні мектепте «Бізге
интернеттен денсаулық қымбат» атты акция өтіп, салауатты өмір салтын ұстанған акцияға
қатысушы оқушылар мектептен аудандық орталық алаңға дейін шанғымен жүріп өтіп,
көшеде кездескен адамдарға бүктеме парақшалар (буклет) таратып, қауіпті
интернет сайттардан аулақ болып, оның
есесіне салауатты өмір салтын ұстануға шақырды