Бала жетістігі – біздің қуанышымыз!
Мектеп- екінші үйіміз, білім беру ордасы деп жатады. Ал осы мектепте білім нәрін
сусындаумен қатар күнделікті өмір сүріп, ұйықтап тұрып жүрсе тіптен жақсы емес
пе? Осы орайда мектеп жанындағы интернаттардың адам өміріндегі маңызы туралы
айтуға болады. Осы ретте өзге аудандар қатарында біздің ауданда да ауыл
балаларының білім алып, өз үйлеріндей өздерін еркін сезінулері үшін жылы да
жайлы интернат ашылған болатын. 2008 жылы ашылған интернатта бүгінгі таңда 22
тәрбиеленуші тәрбиеленіп, білім алуда. Күніне 24 сағат осында болатындықтан
балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, қызығушылығына сай өзі ұнататын
үйірмелерге қатысуын қамтамасыз ету- тәрбиешілердің басты міндеті болмақ. Әр
баланың өзіндік бір өнері мен бейімділігі бар. Бірі домбыра тартса, екіншісі
доп ойнап, шаңғы теуіп, би билеп, ән айтуды жаны сүйеді. Оқушылар мектепішілік,
мектепаралық, аудандық және облыстық
жарыстарға белсене қатысып, жүлделі I, II,III орын
иегерлері атанып жүр.
Жыл сайын өтетін аудандық би жарысына Ақылберген И, Идрисова Д, Әскербек А, Нурмухамедова П,Карбек А белсене қатысады. Нурмухамедова П, Идрисова Д, Айтбай Н, Сериков А, аудандық домбыра оркестірінде күй күмбірлетіп, жақсы нәтижелер көрсетуде. 2017 жылдың 14- қаңтарында өткен
шаңғы жарысында Ғазизов Құрмет 3 орын жеңіп алса, Ақылберген Иманғали аудандық
кезеңінде 3-орынды қанжығасына байлады. Мылтықпен нысанаға дөп тигізу жарысына Сериков А, Садуақас А, I орынды иеленді. Осы нәтижемен облыстық жарысқа барып ,19 команданың ішінен 7 орынды қанағат етті. Біздің балаларымыз өнерлі әр сайысқа асқан жауапкершілікпен қатысады. Мектеп интернатының ішінде өткізілетін іс -шараларға да белсене
қатысады . Психологиялық тренигтер немесе
тәрбиелік іс – шаралар болса да қызығушылық танытады .Барлығымыз бір
үйдін баласындай тату - тәтті өмір
сүреміз . Балалар бір –бірін сыйлайды, үлкенге
ізет,кішіге құрмет көрсетеді . Балалардың болашағынан күтер үмітіміз зор .
Мектепішілік КВН жарысында Аскербек Қабдулмутәлиф
қатысып ерекше көзге түсті. Алда бұл баланың болашағы зор. Калибекова Назгүл
бисер тоқуда алдына жан салмайды.
Мектепішілік үстел теннисі жарысында 1 орын Айтбай Н. 2 орын Ақылберген И. 3 орын
Садуақас А. иеленді.
Бала- өмірдің мәні де қызығы деп білетін әрбір
отбасы сияқты біз де осы тәрбиеленушілердің кішкентай болса да жеңісіне қуанып,
үлкен отбасы сияқты бөліскенді ұнатамыз. Қандай атақ, дәреже, орын алып келсе
де қолдап-қолпаштап отырамыз. Интернат- екінші үйі бұл жерде оларға туғанындай,
өз үйіндей қарайтындығын әрқайсысы сезініп жүргендігі айдан анық. Баламен жұмыс
жүргізе отырып, оның болашағына жол сілтеп, ауылдағы ата-анасының ыстық
сезімдері мен махаббатын сездірте білу- тәрбиеші апайлардың басты міндеті. Осы
міндетті абыроймен атқарып жүрміз деген ойдамыз. Әр тәрбиеленуші өмірде өз
орынын тауып жатса, біздің мақсатқа жеткеніміз емеспе?! Балалардың жетістігі
мен шығар белестері биік болсын!
Орындаған бас тәрбиеші З. Сарсенова