Мамандық таңдау – болашаққа алғашқы баспалдақ
Әр адамның өмірінде елеулі оқиғалар болады. Соның бірі – мектеп бітіріп, қолдарына аттестат алып, үлкен өмірге қадам басу болып табылады. Мектептен соң әрқайсымыз болашақта кім болатындығымызға байланысты оқуға
түсеміз. Бірі мұғалім, бірі дәрігер болуды армандап, сол арман жетегінде
кетеді. Ал, осы мамандық таңдағанда қателеспеу, дұрыс шешім қабылдау –
өміріңнің кірпішін дұрыс қалау болып табылатындығы анық. Сондықтан осыған
байланысты мектеп қабырғасында да түрлі жұмыстар жүргізіледі. Оқушыларға
мамандыққа бағыттау бойынша тренинг, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы
титтей де болса ұстаздар қауымы үлес қостандығы анық. Биылғы жылы 9 «А»
сыныбында 17 түлек мектеп партасында отыр. Әрқайсысының асқақ арманы, керемет
қиялдары бар. Көбі оқуға түсуді ойласа, кейбіреуі 11-сыныпқа қалуды ойлайды.
Түрлі шаралар арқылы әр оқушы жүрегінің түкпіріндегі арманына сай мамандық иесі
болатындығына сенеміз. Оқуға түсетіндерге сәттілік тілейміз.