Сабақтың тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тамақтың пайдасы мен зиянын түсіндіру, дұрыс
тамақтанудың денсаулыққа әсерін түсіндіру
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Дұрыс
тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Денсаулықты сақтаудың ең басты
негізі – дұрыс тамақтану екендігін түсіндіру.
2. Дамытушылық: ой – өрісін,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: дұрыс тамақтана білуге, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу,
еңбекке, тазалыққа баулу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,
өзін – өзі тану.
Көрнекіліктер: көкөністер
мен жемістердің суреттері, сызбалар, үнтаспа, плакат.
Оқушылардың міндеті: жаңа тақырыпты игере отырып, білімдерін, білік дағдыларын
дамыту.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты тышыштандыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
II.
Үй тапсырмасын сұрау: оқушылардың жазған шығармаларын жинап алу. 2 – 3
шығарманы дауыстап оқып беру.
Жалпылама сұрақ:
Ø Ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі?
Ø Қонақжайлылық дегеніміз не?
Ø Жылу жинау дегеніміз не? қандай сөзден шыққан?
III. Жаңа сабақ.
Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ беріпті. Егер жұмбақтың шешуін
тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
Ал енді осы денсаулығымыздың жақсы болуы үшін
біз не істеу керекпіз? (Оқушылардың ойы тыңдалады).
Дұрыс айтасыңдар, біз дұрыс тамақтану
керекпіз. Ол үшін бізге не керек? (Оқушылардың ойы тыңдалады).
Дұрыс тамақтану
– денсаулық кепілі
Сен
адамдар толық немесе жүдеу, дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған
боларсың. Оның бәрі – тамақтануға байланысты. Дені сау болып өсуі үшін адамға
қоректік заттар керек. Олар азық – түліктің әр түрінде болады.
Біз
– жануар тектес азық – түліктер – ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сарымай жейміз,
сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс, жеміс, қант, өсімдік майын,
саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар – өсімдік тектес азық – түліктер.
Адамға
белгілі бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 – 5 рет уақытылы тамақтану қажет.
Сонымен
бірге маңызды ережелерді есте сақтаған жөн.
Асқазанды
артық тамақпен ауырлатпа.
Тәттіні,
тұзды және ащы тамақты көп жеме.
Дастарқан
басында жақсы көңіл күймен отыр.
Маңайыңдағыларға
астарының дәмдә болуына тілек білдіруді ұмытпа.
Ас
дайындаған адамға алғысыңды білдір.
Тапсырма:
1.
Оқулықтан
жануартектес азық-түліктерді кім тауып береді?
2.
Өсімдіктектес
азық-түліктерді кім тауып береді?
3.
Тамақтану барысында
қандай ережелерді сақтағанымыз жөн?
Денсаулықтың негізі- дұрыс тамақтану, сол себепті
де біз тамақтану барысында мынадай ережелерді сақтау керекпіз.
1.Қолыңды сабындап жу
2.Қисаймай, түзу отыр
3.Қасықты оң қолыңмен ұста
4.Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет
оқыма
5.Шамадан тыс тойып ішпе
6.Нанды үзіп же
7.Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жуу.
Ситуациялық сұрақтар:
•
Мысалға сендер
аналарыңмен базарға бардыңдар. Базарда түрлі тәтті конфеттер мен тоқаштар және
иісі мұрыңды жаратын жеміс-жидектер толып тұр. Бірақ анаңда санаулы ғана теңге
бар. Сендер нені таңдар едіңдер?
•
Көктем келгенде
бойларыңда әлсіздік пайда болып тез шаршайсыңдар. Беттің терісі құрғап, ұйқы
қанбайды. Себебі не деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қалтамызға сыймаса,
Аузымызға салайық.
Суретпен жұмыс:
«Азық -түлікті жина» ойыны. Азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес
азық-түліктерді екінші топқа бөлеміз.
-
Тамақ алдымызға
қалай келеді?
-
Неше мезгіл тамақ
ішесіңдер?
Балалар тамақтанудағы қателіктер болады, соларды атап
көріңдерші?
(Оқушылар ойы тыңдалады). Үнтаспа арқылы тыңдатамын.
Бірінші
қателік. Тамақты көп жейміз.
Екінші
қателік. Қашанда майлы тамақты жақсы көреміз.
Үшінші қателік. Қандай тағамды ішіп-жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай
білмейміз.
Төртінші
қателік. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
Бесінші қателік. Өз уақытында тамақтанбаймыз.
Алтыншы
қателік. Тәттіні көп жейміз.
Жетінші
қателік. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз.
Сегізінші қателік. Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз. Тоғызыншы
қателік. Тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Тапсырманы кім жылдам орындайды? Бақылау күнделігіндегі
тапсырмалар орындалады.
Қорытынды. :«Сау дене,
азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен.
Ал ден сау болу үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.
Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын
орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Тренинг: «Денің сау болсын десең...».
Мен «денің сау болсын десең...» деп айтамын, қалған оқушылар осы сөйлемді
аяқтайды.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, кестені
толтыру.
Бағалау: