Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Э дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру, балаларды Э дыбысы бар сөз ойлап табуына көңіл бөлу.
Білімділік: Оқушыларға Э дыбысы мен әрпін таныту.Э дыбысын сөз ішінен ажырата білу, жуан –жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Э дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін,шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортасымен
ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту ұқыптылыққа,
сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түр: Саяхат сабақ.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.
Әдістері: сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, слайд, алмалар.
Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, еңбек.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың құрал-жабдықтарын
түгендеу. ә)
Назарларын сабаққа аудару. б)Шаттық шеңбері.
Қайырлы
таң көздерім, сендер ояндыңдар ма?
Қайырлы таң
құлақтарым, сендер ояндыңдар ма?
Қайырлы таң
қолдарым, сендер ояндыңдар ма?
Қайырлы таң
аяқтарым, сендер ояндыңдар ма?
Қайырлы
таң күн нұры мен ояндым. Балалар
қимыл іс-әрекетпен орындайды.
Өткенді еске
түсіру. Сұрақ-жауап әдісі бойынша.
Дыбыс
дегеніміз не?
Дыбысты біз
естиміз, бірақ көрмейміз.
Дыбыстар
нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
Слайд.
Орман көрінісі.
-Балалар,
бүгінгі сабақта біз орман патшалығына саяхатқа шығамыз.
Сапарларың
сәтті болсын!
Орманнан
бізге ең бірінші «аң патшысы-арыстан» кездесті.
Ол
бізге мынандай жұмбақ әзірлепті.
Жұмбақ
Өзі тым күшті.
Жерді қазып бітті (
экскаватор). Яғни экскаватор сөзі қай әріптен
басталып тұр.
Дұрыс айтасыңдар, э дыбысынан.
Э
дыбынан келетін сөздерді айту. Буынға бөлу.
Сөйлем құрау. Талдау.
аэропорт
эскимо экипаж
электр
экран экскалатор
экстрада
экскаватор Келесі қонжық пен
көжектің тапсырмасы: Э дыбысына байланысты кісі
аттарын білесіңдер ме?
-Эльмира,
-Эльвира.
-Элеонора.
Тырнаның тапсырмасы.
Сергіту сәті:
Ақ қоян тұршы,
Бетіңді жушы ,
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Енді орныңа тез
отыршы.
Дәптермен жұмыс.
Тақпақ айту.
Қаламым
Бар әдемі қаламым,
Соны қолға аламын
Жазуды жазамын,
Суретті де саламын.
Көбелектің тапсырмасы:
«Алма жинау » ойыны. Оқушылар біртіндеп тақтаға
шығады. Әр алманың артында сұрақтар
мен тапсырмалар жасырылған, сол
тапсырмаларды дұрыс орындап себетке алма жинайды.
1 тапсырма: Ойлан тап.
Өзі тым күшті, барлық
жұмысты атқаратын алып машина. Оны құрылысқа
қолданады? Ол қандай машина? (экскаватор)
2 тапсырма:
Ұшақтар ұшып қонатын жерді қалай
айтамыз? (аэропорт)
3 Сен үйде мультфильм
мен кино көресің бе? (Экраннан.)
4 Суретке қарап.Сұрақ қой.
Сөйлем құрастыр.
Түлкінің тапсырмасы: Түлкі бізге бірнеше
сөздер жазып жіберіпті, кане,
бәріміз оқып көрейік.
Апа, іні, ала, ара, шаш,
аша, аса, ірі.
Қасқырдың тапсырмасы:
Жұмбақтар шешу.
1. Ерте тұрады
Жар шақырады.
(әтеш)
2 . Тәтті көрсе бас
салар
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен
боп жасқанар,
Кіп-кішкентай
арадан. (аю)
3. Көкшіл
айна үйдегі,
Көрсетеді
киноны.
(теледидар)
"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да
ойнауға болады.
Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын
бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер
құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне
тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп
көрсетеді. Бұдан кейін ол:
— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды
көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты»
деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер
де «ұшыңдар».Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы
бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер
ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.
Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша
алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп
түсіндіреді.Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2
ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен
сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген
сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады:
Ұшты, ұшты, ұшты — тарғақ ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — жарғақ ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — іркіт ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! (үшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — кекілік ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — кекілің ұшты! (ұшпайды)
Ұшты, ұшты, ұшты — қызғыш ұшты (ұшады)
Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты! (ұшпайды)
Осы тәртіппен ойын жүргізіле
береді. Ойын қатынасушылардың сезімталдығын шыңдап, тез жедел ойлай біліп,
нақты әрекет жасауға, іштей жинақы болуға қалыптастырады
Сабақты
қорытындылау.
-Сендерге
сабақ ұнады ма?
-Біз не білді ? -Не үйрендік?
Үйге тапсырма
Э дыбысы мен әрпін
оқу. Сөздер жаттау.
Оқушыларды мадақтау.