Білім беру мазмұнын жаңартуда биология пәні бойынша
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту
мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір
шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой
түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың
белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті
жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай
оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың
жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа
үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта
шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек.
Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас
ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына
мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа
баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек
сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі
лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып
қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім
сабақтарда жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік
туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың
ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі
әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала
іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін
бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі
тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,
қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып
танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады.Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты- бүгінгі күннің басты талабы.
Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі
әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше. Қазіргі танда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін
ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп,
тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың алдына тұрған үлкен мақсат
өмірдің барлық саласына белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және
жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу
тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі
кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге
мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның
тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында
ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген
құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын
жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс- тәсілдерін қолдана білгенде ғана
оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды
биология пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады.
биология пәні адамның өз ортасынның әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның
дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын
өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін
келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген
сүйіспеншелікке баулиды.
Биология пәні орта мектептерде алатын
орны ерекше. Әрбір оқушы биология пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың
әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.Осылардың
нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Оқушының жеке
тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы
негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту
мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.Сабақ
мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы
сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі
оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек.
Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып,
жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру,
оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау,
танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.Өз іс – тәжірибемде сабақ
беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:
Оқушыларды өз бетінше жұмыс
істеуге үйрету;
Оқушылармен жекелей, жұппен,
топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
Оқушылардың компьютерлік
сауаттылығын арттыру;
Оқушылардың шыңармашылық қызметін
дамыту.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты
тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз
пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді.
Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі
формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және
мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар,
оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы
құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б. Оқыту мен тәрбиелеу
бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру
мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз -
оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз
қарасқа қалыптасады. Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге
қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады. Биологияны
оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі
элементтерге жатқызуға болады. Окушыларға патриоттық тәрбие беруде сабақта және
сыныптан тыс жұмыстарға ғылыми жаңалықтардың тарихымен, өз елінің және басқа
елдердің көрнекті ғалымдарының ғылыми қызметімен, ғалымдардың отандық және
әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлестерімен танысу және оқушылардың туған
жерінің табиғатын корғауда қосатын үлесі т.б. үлкен мәні бар. Патриоттық
сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімі сыныптан тыс
жұмыстарды қызықты ұйымдастырғанда арта түседі. Мысалы, ҮІ-ҮІІ сыныптың жас
натуралистер станциясында атқаратын жұмыстың мақсатын былай белгілеуге болады:
мектеп оқушылары мен жергілікті халық арасында туған табиғатты байыту және
қорғау идеясын насихаттау; мектеп оқушыларын табиғаттың сұлулығын сақтап, оны
өзгерту, қайта жасау, түсіну және көре білуге үйрету; оқу-тәжірибе учаскесінде
және тірі табиғат мүйісінде жұмыстар жүргізу, туған өлкеге жорықтар, экскурсия
жасау кезінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін терең
оқып үйрену жолдары арқылы табиғатты
сүюге тәрбиелеу. Осы негізде мына тақырыптарды жоспарлауға
болды:Туған өлкенің табиғатын қорғау: корғауға жататын зерзаттарды айкындау
ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ
архитектурасының ескерткіштерімен танысу;Құстарды, балықтарды, аңдарды және
пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, жемшашарлар даярлау және кысқы уакытта
құстарды қосымша жемдеу, браконьерлерді айқындап, үлкендерге көмек беру,
құстардың пайдасы және оларды корғау және т.б. туралы бастауыш сынып
оқушыларымен әңгіме өткізу, "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істеу.
Туған - өлкенің табиғатын байыту пайдалы жануарларды бағалы терілі аңдарды,
балықтарды жазда мекенге жерсіндіруге көмектесу; мектеп орналасқан аймақта әлі
таралмаған халық шаруашылығына ерекше
маңызы бар сүректі, бұта және
шөптесін өсімдіктерді өсіру; туған өлкені көгалдандыру мектеп
орналаскан елді мекенге және мектептің айналасына бақтар мен
парктер, скверлер, гүлзарлар жасап кою.
Туған өлкенің
табиғатын зерттеу мақсатында туған өлкеге топсеруен ұйымдастыру өткізу жылдың
әр маусымында - күзде, қыста, көктемде, және жазда жүргізіледі; туған өлке
табиғаты туралы әдеби мағлұматтар жинау және оны оқып үйрену;
мектептің өлкетану музейін кұру.
Экологиялык тәрбие берудің басты мақсаты - адамның табиғатпен бірлестігінде
және оның мәдениеті мен барлық практикалық іс-әрекетінің табиғатты пайдалануға
емес, тіпті оның алғашқы түрін сақтау да емес, табиғаттың қоғамдық дамуына
ыкпал етуіне негізделген адамның жаңа ой, көзқарасының қалыптасуы, әр бір
адамның өнегелік қасиетін нығайту болып табылады. Мұндағы принцип адамзаттың
әрі қарай дамуы тек табиғаттың дамуымен, оның көптүрлілігі мен байлығына
байланысты болашағына негізделген.
Экологиялық тәрбие беру ерте жастан
басталу керек. Отбасында және мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелерде бала
қоршаған әлем, табиғат туралы алғашқы түсініктер алып, өсімдіктер мен
жануарларды қорғаудың, сулардың, ауаның, жердің тазалығын сақтаудың қажеттілігі
және пайдалығын түсінетін болады.
Қорыта айтқанда оқушылардың
шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды
өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын
маңызы ерекше. Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта
және кластан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл
байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді
тәрбиелей аламыз.