Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі.
1«А» сыныбы.
Мақсаты:
1. В дыбысы жөне оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, в дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып балалардың ойлау қабілетін,қиялын зейінін дамыту.Ойын арқылы ой –өрісін кеңейту.
3. Татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.ойын, ертегі ретінде.
Қолданылатын көрнекіліктер: В дыбысының баспа түрі,суреттер, ертегіге байланысты суреттер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу керек құрал –жабдықтарын
дайындату.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын ата.
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-Балалар, мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
-Шалқан ертегісін кім айтып береді?
-Ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.
-Біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер
тапсырмаларды орындауларың керек.
Атаның
тапсырмасы: Өткенді қайталау.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-ё дыбысы қандай дыбыс?
-ё дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
Сендер атаның тапсырмасын орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата
шалқанды бақшадан суырып ала ма?
---Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
Әженің
тапсырмасы: Жұмбақ шешу.
Бір-бірімен қара үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп.(Вагон)
-Вагон сөзін буынға бөлу.
-Балалар мынау ненің суреті?
-Ваза, Аквариум
сөздерін буынға бөлу.
-Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп
тұр?
-В дыбысын бәріміз бірге айтайық.
-В дыбысы дауыссыз дыбыс.
-В дыбысы үш элементтен тұрады.
-В дыб. Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
Немересінің тапсырмасы:
«Ұлттық ойын» бағдарламасына қандай дыбыс қонаққа келіпті. В дыбысы бар сөздер табу.
Иттің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.Дәптердегі сөздерді буынға, бөліп оқыту.
-Ал,балалар в дыбысымен таныстық енді осыны дәптерге
жазбас бұрын бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
Қолға қалам аламыз,
Әсем етіп жазамыз.
-Қолды ауада жаттықтыру.В әрпін жазу.
Мысықтың тапсырмасы: Мына суреттерге сөйлем құрау.
Ваза, Велосипед.
3-тапсырма: Ат жарысының жеңімпаздарына берілген заттың не екенін
жұмбақты шешу арқылы таба аласың.
Үй ішінде- бөлме, Түрлі ұсақ балық
Бөлме іші- көлде. Жүзді сайран салып.
Тышқанның тапсырмасы: Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыр.
Эстафета, электровоз, эшелон, экипаж.Волейбол,
паровоз, Вазелин, вокзал, вальс.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстыңдар?
-В дыбысы қандай дыбыс?
-Бүгін сендер қандай тапсырмалар орындадыңдар?
-Қанша тапсырма орындадыңдар?
-Кімнің тапсырмасын орындадыңдар?
-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Отбасында адамдар қандай болу керек?
Балалар, сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға
көмектестіңдер.
Олар сендерге рақмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшаларды таратуды
тапсырды.
Бағалау: Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: 2 тапсырма,106 бет.