"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзіңнен баста

17.03.2020 Өзіңнен баста Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өсиетін үнемі есте ұстау керек,- деді Мемлекет басшысы. Қазақ елінің өскелең ұрпағына осындай сенім арта отырып, биылғы жылды Еріктілер жылы деп бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Қашаннан қазақ халқы жетімі мен жесіріне мейірбандық танытып, құдайы қонағына төрін берген ел. Осындай құндылығы бар жастардың да көргені көп екендігі айдан анық. Осындай тәлімі мен тәрбиесін осы жылда көрсетіп, елінің ертеңі үшін қандай да бір көмек жасаймын деген жастар тобы алғашқы істерін бастап та кетті. Оның бір дәлелі неше күнге созылған қалың қарлы боранда ауласы үйінді қардың астында қалған жалғызбасты және зейнеткер адамдарға қолұшын беру болды. Қазақстан болып қолдау жасаған «Біз біргеміз» акциясы Егіндікөл ауданында да өзіндік орын алды. Аудан болып ат салысқан бұл акциядан №1 Егіндікөл орта мектебінің еріктілер тобы да қалыс қалмады. Жоғары сынып оқушылары мен ұстаздардан құрылған топ қар аулаларын қар басқан зейнеткерлерге аумақты қардан тазалауға көмектесті. Көп болып қол ұшын беріп, үлкен ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерден баталарын алды. Мемлекет басшысының: «Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет», – деген сөзін негізге алған осы мектептің жоғары сынып оқушыларымен мектеп кітапханашысы Калиева Макен Сабиевнаның жетекшілігімен «Өзіңнен баста» желісі бойынша жоба басталып та кетті. Жоспары құрылып, бекітілді. Сонымен қатар «Еріктілер жылы-2020» символы көрсетілген топ мүшелеріне арнайы бірдей галстуктерді Смагулова Гүлден Құрмашевна шеберлік танытып, тігіп берді. Жоспар негізінде бүгінгі күнге дейін 3 сабақ өтті. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, мектеп оқушылары және аудан тұрғындары бойына экологиялық мәдениет, экологиялық білім, экологиялық жауапкершілік ұялату мақсатында жұмыс істейтін еріктілер тобы ауданның экологиялық таза болуы үшін қолдарынан келгеннен аянбаймыз,- дейді. Біз қоқысты сұрыптау қажет деп ойлаймыз. Оны орындау үшін ең бірінші әрбір азамат өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін ұялатып, таза ауамен демалуды қолдау қажет деп білеміз. Алайда бұл деңгейге жету үшін ең бірінші көшедегі қоқыс жәшігінің қасына қоқыс лақтырмай, оны ішіне салу керек екендігін түсіне білу керек екендігі анық. Біздің алғашқы үндеу жұмыстарымыз – «Қоқысты қоқыс жәшігіне салып үйренейік!» желісінде болмақ,- деді өз сөзінде топ жетекшісі Макен Сабиевна. Түрлі практикалық жұмыстар осы күні №1 Егіндікөл орта мектебінің оқушыларынан көрініс таба білді. «Қоқысты жинамайтын болсақ экология зардап шегеді, ертеңгі күні ауаның ластануы болады. Ол адам ағзасы мен денсаулығы үшін өте зиян»,- деген ұран «Өзіңнен баста» еріктілер тобының жанайғайы іспеттес. Еріктілер тобына көздеген мақсаттарыңызға жетіңіздер деп біз де тілекші болдық. Осы жылдың үлкен бір жетістігі болып еріктілер өз жылында армандары орындалып, Егіндікөл аумағы қоқыстан тазарады деген үміттеміз. №1 Егіндікөл орта мектебінің «Өзіңнен баста» желісіндегі еріктілер тобына сәттілік тілейміз.
Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст