"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертенгілік

25.03.2017

Қош келдің, Әз Наурыз!

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді

Мұғалім: Күлімдеген шуақты

көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай

отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге

бақыт, қуаныш, сыйласын!

Мұғалім: Армысыздар құрметті

қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

 Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)

Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын

Қыздарымда қасымда

Ұлыс күнге жетті міне асыға

Келген жылым жақсылыққа басташы

Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы

3. Сәнді көктем - Наурыз!

Наурыз тойы - жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын.

Құлпырсын күн мен ай.

Құтты болсын Наурыз!

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Би биледік бәріміз! Нұрсезім

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз - Наурыз!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік, біз сізге!

Мұғалім: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.

Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.

Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық


ӘН: «Көктем келді»


Мұғалім: Келесі кезекті

осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар

Балнұр: Наурыз тойым,

Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!


 

 

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Жақсыкелді:

Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

Сырым:                                                  

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз бәріміз

Би билейміз бәріміз

Риза:

 Наурыз айы -

гүл айы

Наурыз айы - нұр айы

Наурыз айда халқымның

Құлпыра түсер шырайы

Нұрсұлтан:

Уа, халайық, халайық!

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық


Мұғалім: Ой балалар

жарайсыңдар, бәрекелді.

Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында

ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының

күресін жырлаған.

Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз

жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген

кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:

Айтыс: Жақсыкелді 

мен Балнұр

Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)

Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?

Мұғалім: Иә, Алдар көңіл -

күйің жақсы екен, амансың ба?

Алдар: Амансыздар ма!

Наурыз мейрамы құтты болсын.

Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді

келемін. (көрсетіп қояды шапанын)

Мұғалім: Ендеше ұлыстың ұлы

күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!

Алдар: Рахмет! Мен

сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға

бір дорба асықтар ала келдім.

Ойын: (Асық ойыны)



Мұғалім: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел

дастархан басына төрлет.

Алдар: Рахмет (дастархан

басына отырады)


Мұғалім:  Наурыз тойын бастаймыз

Бимен оны қостаймыз

БИ: «Тостаған биі»

Наурыз қыз: Мен қанша шуағымды

шашып, мейірленгенімен қалың қыстың етегі сөгіле қоймаған тәрізді. Тезірек қар

түгелдей еріп, ағаштар бүршік ашып, жер көктеу үшін не істесек екен ә?

Мұғалім:  Иә, аздап салқын, айнала әлі қар. Ол үшін біз

шуағын шашқан алтын сәулелі ару күнді, қасиетті жер ананы, ыстық ықыласты от

ананы ортаға шақырайық.

(Музыкамен жер ана, от ана, ару күн шығады). Бастарына байлам тағу


Жер

ана:  Рахман: (бата береді) шашу

шашады.

Жетегің бұйда болсын,

Арқаң шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын.

Бесігің алдыңнан түспесін,

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Жамандық саған жетпесін.

От

ана: Айтбала: Жыл басы - Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік таңы оянды.

Ару

күн: Гүлназ: Уа, жарандар, келіңдер!

Той қызығын көріңдер!

Наурыз тойға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер!

Армысыздар көрермен қауым! Наурыз мейрамы құтты болсын, ұлыс оң болсын!


Мұғалім: Аяулы да қасиетті аналар біздің

мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!


Наурыз

қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.

Мұғалім: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды,

құнарлы тағамның бірі.

Наурыз

қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.


Ән

«Наурыз мереке»


Музыкамен Қаңбақ шал домалап келеді. Ой, қайда келдім. Армысыздар ағайын.


 

 

Мұғалім: Амансыз ба, Ата?

Қаңбақ: Әлей болсын, балам!

Мен балабақшада Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп, жолға шығып едім, бір жел

тұрып, мені ұшырып ала жөнелді.

Тәрбиеші: Е - е, ақсақал қаңбақ шал деген ата сіз боласыз ба?

Қаңбақ: Иә, иә тура өзімін.

Мұғалім: Дәл үстінен түстіңіз, бізде наурыз тойы

өтіп жатыр, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!

Қаңбақ:

Рақмет! Мені осында келе жатыр едім, бір дәу жолда тұр, байқамай қағып

кеттім, сол мені қуып келе жатыр ғой деймін. Қорқамын.

Мұғалім: Онда не істейсің?

Қаңбақ: Білмеймін. Қазір

көреміз.

Музыкамен ДӘУ келеді. Әй, сен қаңбақ шал, сен мені неге қағып өтіп кеттің,

тоқтамай. Алды – артыңа қарамай зырладың ғой.

Қаңбақ:

Ее, дәуеке, қалыңыз қалай? (қол алысып амандасады)

Наурызыңыз құтты болсын! Жаңа бір жел тұрып, мені ұшырып, осында алып келді.

Бұл Наурыз тойы. Наурызда ренжісуге болмайды, барлығы тату – тәтті жүру керек.

Төс қағыстырып амандасады. Келші, бір құшақтайын.

ДӘУ: Қандай наурыз

мерекесі?

Қаңбақ:

Қазақ салты бойынша тойланатын наурыз тойы, біздің жаңа жылымыз.

ДӘУ:

Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Ее, қаңбақ шал, сөйле, сөйле! Ондай болса, кел екеуіміз күш сынасайық, Кімнің

күші көп екенін көрейік.

Қаңбақ:

сынассақ, сынасайық Кел, ендеше, мына тастың құмын шығар.

Мынау шелек, осының ішіне сал.

ДӘУ:

Мен оны бір қолымен – ақ езіп, құмын шығарамын. Міне, міне көрдіңдер ме? -

деп балаларға көрсетеді. Қаңбақ шал көрдің бе, менің күшім қандай көп.

Қаңбақ: көрдім керемет екен.

Ұстап көріп, сен тастың майын шығармапсың ғой.

ДӘУ:

Енді сен көр, көрейін.

Қаңбақ:

үстел үстінен көрсетпей тасқа май жағып алады. Қолында шелек тасты қаттырақ

езіп, үстіндегі майын балаларға көрсетеді.

Міне тастың майын шығардым, дәуге көрсетеді.

ДӘУ:

Таң қалады. Тастың да майы болады екен ғой. Ой керемет, керемет!

Қаңбақ:

Әрине менің күшім көп.

ДӘУ: Енді тасты көтеріп

көрейік, кімнің күші көп екен. Мен тасты бір қолымен көтеремін – деп мақтанады

да, жерден тасты алып көтереді.

Ал, енді сен көтер.

Қаңбақ: жаңа тастың майын

шығардым, оны көрдің. Енді не істесем екен деп ойланып отырмын.

ДӘУ:

Несіне ойланасың, бол сенің күшіңді көрейік. Көтер, көтер.

Қаңбақ:

Егер, мен қазір тасты лақтырсам, қағып ала алмасам, аспан жерге айналып

түсе ме деп қорқып тұрмын. Мен өзім үшін емес, сен үшін қорқып тұрмын.

ДӘУ:

немене, немене? Мен үшін қорық па? Қане, лақтыр.


 

 

Қаңбақ: Одан да, балалармен басқа ойын ойнайық.

Ойынның аты «Теңге алу» Кім теңгені көп жинайды сол жеңімпаз болады, соңынан

санау.

Мұғалім:біздің қонағымыз болыңыздар, төрге

шығыңыздар. (дастархан басына отырғызады)

Мұғалім: балалар, малдас құрып дөңгелене

отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып, бір – бір

тыйым сөз айту керек.

Дайынбыз ба? Бастаймыз.

Үйде ысқырма

Үлкеннің жолын кеспе

Асты үрлеме

Саусағыңды аузыңа салма

Тіліңді шығарма

Жақты таянба

Тізеңді құшақтама

Табаныңды тартпа

Бір қолмен нанды үзбе

Есікті қатты жаппа

Отқа түкірме

Үйге қарай жүгірме

Есікті керме

Үлкеннің алдын кеспе

Босағаға тұрма

Бос бесікті тербетпе

Бетіңді баспа

Адамға қарап керілме

Көк шөпті жұлма

Құстардың ұясын бұзба

Суға түкірме

Құмырсқаның илеуін бұзба.


Мұғалім: Ал, құрметті халайық, бесікке салу

рәсіміне кезек берейік.

Айғаным: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып

өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.

- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.

- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.

- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)

Алас - алас, алас,

Бар пәледен алас.

Барлық пәле желмен кетсін,

Ағынды сумен кетсін.

Алас - алас, алас.

Енді тыштырма рәсімін жасайық.

Тышты, тышты, тышты ма?


 

 

Балалар хормен:

Тышты, тышты

Айғаным: Конфетті уыстап

алып, екі жаққа балаларға шашады

Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?

Бөбегім ұйықтап дем алсын

Қунап оянсын!

Енді баланы бесікке салайық.

Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.

Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай

Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай

Аспандағы ай күнді, аламын дейсің

Асқар таудай айбынды, боламын дейсің

Әлди – әлди, ақ бөпем

Сендей сәби жоқ көкем

Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен

Әлди – әлди, ақ еркем

Бой жетерсің сен ертең

Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем

Осымен ертенгілігіміз аяқталды.



       

 

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст