Көктемдегі қауіпсіздік
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға көктемдегі қауіпсіздік туралы түсіндіру;
Ә) дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, қол моторикаларын, ойлауын дамыту;
Б) тәрбиелік: Салауатты өмір салтын, эстетикаға, қауіпсіздік ережелерін
сақтауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар суреттер, видео, ережелер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспе
Жаңа сабақ
Балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін мына бір
жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (қар)
2. Көлдің беті көк әйнек
Сырғанауға, тым әйбет! (мұз)
3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды (Су)
Қалай ойлайсыңдар бұл өзгерістер жылдың қай мезгілінде болады?
Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?
Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз «Көктемдегі қауіпсіздік ережесі» деп
аталады.
Ал балалар көктемде қандай ережелерді сақтау керекпіз. Біз қазір «Қай топ көп
біледі» ойыны ойнаймыз. Ол үшін қазір әр топқа мен парақ таратамын, ал сендер
сол параққа қауіпсіздік ережелерді жазып 2 оқушы шығып қорғауымыз керек.
Оқушылар қорғайды. Өте тамаша. Ал енді келесі ойынымыз «Кім ойшыл» деп
аталады. Мына парақтарға қауіпті жағдайдың суретін салып, сол кезде
қауіпсіздікті қалай сақтау керектігін айтып қорғаймыз.
Суреттерін қорғап болған соң, оқушылар жарайсыңдар манадан бері біз сурет
салып, ережелер жазып жатырмыз. Енді мына мультфильмге назар аударыңдар.
(Қауіпсіздік туралы видео)
Оны қорыту
барсында тақтадағы суреттер.
Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің
қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте
қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Көктемгі су тасқыны
кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде
және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер.
Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден,
айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап
иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі
болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке
шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су
тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде
ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға
жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ
болыңдар!