№1 Егіндікөл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Н.Н.Нұрхамиттің өзін өзі тану ,
дүниетану пәндерінен 3- сыныпта
өткізген ашық сабақтары туралы п і к і р.
Нұрхамитова Нүрия Нұрмағамбетқызы №1 Егіндікөл орта мектебінде 2014 жылдан бастап еңбек етеді.Ізденімпаз- жас маман. Үнемі өзінің теориялық білімін толықтырып ,сабақ берудің қыр-сырын үйреніп, оны өз тәжірибесінде қолданады.Ақпан айындаКөкшетау қаласына «Өзін өзі тану» пәнінен өз біліктілігін арттыру курсына барып, наурыз айында мектепте
іс-тәжірибеден өтті. Іс-тәжірибе барысында 3-сыныпта өзін өзі тану пәнінен «Туған жер ғажаптары», дүниетану пәнінен «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» тақырыбында ашық сабақтар
өткізді. Нүрия Нұрмағамбетқызы ашық сабақ өткізу барысында Көкшетау
қаласында біліктілік арттыру курсынан өту кезінде үйренген жаңа
әдістемелер, әдіс-тәсілдерді, технологияларды кеңінен қолданды. Сабақтың
қызықты да позитивті түрде ұйымдастырылған кіріспе бөлімі мен түрлі
ұтымды ұйымдастырылған сәттері балалардың бөгде істерден
бойын алшақтатып, бар назарларын сабаққа аударуына
себеп болды. Балалар сабақта ойларын ортаға салып, пікір алмасты,
позитивті ой ережесін қолданды, топпен жұмыс жасады. Топпен жұмыс жасау
барысында оқушылар әртүрлі шығармашылыққа баулитын тапсырмаларды қызығушылықпен
орындады. Бір топ сахналық көрініс көрсетсе, келесі топ туған жер тақырыбына бес жолды өлең жазды. Сабақта ең тұйық деген оқушыларға дейін ашылып сөйлеп, өздерінің ойларын ортаға салып, ой бөлісті.Мұғалім сабақтың тақырыбын аша білді.Мұғалімнің сабақта
қойған сұрақтары оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін , орынды болды.
Сабақ соңында оқушылар хормен «Туған жер» туралы ән айтты. Сабақта мұғалім
жағымды атмосфера қалыптастыра білді.Сабақ дұрыс қорытындыланды.
Дүниетану пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыра отырып, «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» тақырыбындағы ашық сабақ өткізді. Оқушылардың бойында табиғат пен адамдардың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсінік қалыптастыра білді.Оқушылардың ынтасын арттырып , шығармашылық тұрғыдан өзін өзі көрсете білуіне ықпал ететін әдістерді қолдана білді. Сабақ жанға жайлы ортада тартымды өтті. Сабақтың
дәйексөзінің мәнін аша білді. Әсіресе оқушыларға мұғалімнің
сабаққа сыйы видеоролик өте қызық болды.Оқушыларға сабақтың барлық
кезеңдері ұнады. Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзге
оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтастырып, ықпалдастыру
өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық
байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен
міндетінің айқындалып, толыға түсуін де қамтамасыз етеді екен. Өзін-өзі тану сабақтары келешекте
балалардың өміріне өзіндік себін тигізеді деп білеміз,
өйткені осындай рухани –ізгіліккке,
мейірімділікке толы сабақтар тегін өтпейді. Өткізілген
ашық сабақтар өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Пікір жазған: / /
Баязова Гүлсім Жұмабайқызы
№1Егіндікөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі