Хабарландыру
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған
«Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында қашықтықтан өткізу байқауы
Жалпы ережелер
1. Байқаудың мақсаты:
- тұлғалық дамыту, құзыреттілікке бағытталған білім беру технологияларын насихаттау және енгізу; білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тәжірибесін ұсыну және тарату.
2. Байқаудың міндеттері:
- білім беру процесінде оқыту мен ұйымдастыру үшін жаңалықтарды дайындау;
- дамытпалы білім беру ортасын құру арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға тиімді жәрдемдесу;
- педагогтардың зияткерлік пен шығармашылық қабілетін өзектендіру.
Байқаудың ұйымдастырушылары ЖШС «New Opportunities» Білім беру-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.
3. Байқау ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасын құрады. Әділ қазылар алқасы байқау ережелерімен және бағалау өлшемдерімен танысады, жоғары ұпай жинаған жеңімпаздарды анықтайды.
4. Байқаудың қорытындысы бойынша дипломдар Бас жүлде, I, II, III орындары беріледі. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификат беріледі.
Қатысушылар категориясы
Тапсырмалар
Мектеп пен колледж педагогтары
Номинация – «Педагогикалық қоржын»
1. Ашық сабақ жоспары.
2. Әдістемелік жұмыс.
3. Эссе тақырыбы: оқытудағы инновациялар (2 беттен кем емес).
Ескерту
Қатысушы берілген үш тапсырмадан бір ғана тапсырманы таңдайды. Байқауға жұмыстар қазақ тілі және орыс тілінде қабылданады (сіздің таңдауыңыз бойынша). Барлық жұмыстар жекелеме тапсырылады. Эссе компьютерде Times New Roman- қаріпімен, 14 – кеглмен, А4 формат жазылып, word (*doc) форматында жіберіледі.
* Ғаламтор желісінен көшіріліп алынған ақпараттар күшін жояды.
5. Байқау 3 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді.
6. Байқауға жұмыстар 26 сәуірге дейін қабылданады
(26 сәуірді қоса).
7. Байқау жұмыстары және сканерленген (фотоға түсірілген) төлем түбіртегі concours.ustaz@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.
8. Байқауға қатысу үшін 2000 тг. + комиссия кез келген банк немесе қазпошта бөлімшелерінен төмендегі реквизиттер бойынша төлем жасай аласыз:
ЖШС/ТОО Білім беру-әдістемелік орталығы «New Opportunities» Образовательно-методический центр.
БИН 160140023628
ИИК KZ356010111000257240 (KZT)
БИК HSBKKZKX
КНП 861 (білім беру қызметі)
Кбе 17
Код 19
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Төлемақы аталуы: «Ұстаз – ұлы есім» байқауы.
!!! Егер Сізде бірнеше қатысушылар болса, төлемді барлық қатысушылар үшін жасаңыз, сонда барлық қатысушылар үшін бір ғана комиссия құны алынады. Мысалы, егер сізде 5 қатысушы болса, барлығында төлем 2000 теңгеден болса , бұл жағдайда сіз барлығы үшін 10000 теңге + банк комиссиясы. Төлемді кез келген адам жібере алады, қатысушының атынан болуы міндетті емес.
!Байқауға қатысу ұсынысы
(барлық мағлұматтар міндетті түрде толтырылу тиіс):
Қатысушының толық аты-жөні
* құжат бойынша
(осы мағлұмат бойынша диплом / сертификат толтырылады)
Облыс, қала, ауыл
Номинация (тапсырманың аты)
(таңдап алынған тақырып)
Білім беру ұйымының толық атауы (міндетті түрде КММ, ММ, жекеменшік т.б. жазыңыз)
Ұялы телефон
Электронды пошта
(сіздің дұрыс және жұмыс істейтін электронды поштаңыз, сол жерге сізге диплом / сертификат жіберіледі)