"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнерің үстем болсын, Алиман!

10.04.2017

Өнерің үстем болсын, Алиман!

          2017 жылы өнерлі балалар үшін өте бір ұмытылмас жыл болып басталғандай. Жылдың басынан оқушылар түрлі байқауларға қатысып, өнерлерімен барша қауымды тәнті қылуда.

Мектеп, аудан, облыс көлемінде өнер көрсетіп жүрген оқушылар Республикалық

байқауға да қатысып жүр. Мәселен, Алматы қаласында өткен Б.Бейсенованың

шығармашылығына арналған І Республикалық балалар байқауына қатысқан Кулахметова

Жанель І орын, Пшенбай Алиман ІІ орынды иеленген болатын. Алиман осы жеңісімен

тоқталып қалмай Республикалық байқаудан кейін шабыты шыңдалып Халықаралық

байқауға баруды көздеген. Осы орайда наурыз айының 24-28 аралығында еліміздің

бас қаласы Астана қаласында өткен

ХІ халықаралық «Ақ көгершін»  балалар шығармашылық фестиваль- байқауына №1

Егіндікөл орта мектебінің 6-сынып оқушысы Пшенбай Алиман үміткер болып барып,

жүлделі ІІІ дәрежелі дипломант атанып, үлкен жеңіспен оралып келді. Фестиваль -

байқау  ережесі бойынша қатысушы үміткер

міндетті түрде Республикалық байқау жеңімпазы болу керек болған. Алиманның

алғашқы жеңісі бірінші баспалдақ болғандай. Астананы дүркіретіп өткен 5 күндік

фестиваль - байқауға еліміздің түкпін-түкпірінен өнерлі балалар келіп, бақтарын

сынады.  Сонымен қатар Қырғызстан мен

Ресейден келген қатысушылар да болды. Олар би номинациясына қатысты. Жас

ерекшеліктеріне қарай бөлініп өткен фестивальда Алиман музыка және өнер мектебінің

балаларымен табан тірестіріп тұрып, дес бермей жеңісті қанжығасына байлай

білді. Мұндай халықаралық байқауға барып, жүлделі орын иелену Егіндікөл

ауданының тарихында бірінші рет болып тұрған жайт. Әсет Найманбаевтың «Қысмет»

және А.Бажанованың «Асыл ана» әнін шарықтата орындаған Алиман өзінің мықтылығын

дәлелдеп жүлделі ІІІ дәрежелі дипломант атанды. Осы орайда осындай шәкірт

тәрбиелеп, тасын өрге домалатып жүрген жетекшісі Алтынгүл Мұратқызының ерен

еңбегін атап өтпеске болмас. Әнді жанындай сүйетін Алтынгүл апай әр баланың

бойындағы қасиетті көре біледі және сол қасиетті жетілдіру, дамыту жолында

ерінбей еңбек етеді. Міне, осындай жеңісті еншілеп жатқан балалар жетістігі –

Алтынгүл апайдың жемісі деп білеміз. Алтынгүл апайға шәкірттеріңіз үмітіңізді

ақтап, жеңісті ала берсін десек, Алиманға өнерің үстем болсын!- демекпіз. Әлі

де бағындырар белестерің биік болғай!

 

 

Просмотров: 899


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст