Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б
Сынып:3 Оқушылар саны: 25
Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: · Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту; · Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру; · Өмірді сүюге,жақсы өмір сүруге тәрбиелеу. Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
|
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
Әңгімелесу Оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыру үшін әңгіме жүргізу. · Өмірді тану не үшін қажет? · Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер. Тапсырма Оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді»тақырыбына әңгіме құрастыру. |
Оқушылар сұрақтарға жауп береді. |
Мәтінмен жұмыс Балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті»әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстырады. Түйіндеме Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады. |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөз «Өзіңді танығың келсе,адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударып.оның мәтініне тоқталып,түсіндіру. |
Мағынасын түсіндіру |
Жаттығу-ойлану.Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойыншаплакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады. 1-топ.Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер?Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар? 2-топ.Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді? 3-топ.Өмірді сүю неге жетелейді?Адамға өмірді танып білу не үшін қажет? |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту «Өмір өзен»
|
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
|
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту
|
Күнделіктеріне жазады. |
Соңғы тыныштық сәті: - Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.
|
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |