Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды
бағалау жайлы ұсыныстар
Биылғы оқу жылынан бастап педагогика ғылымында
мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі
қолданысқа енгізілді. Осы мақсатта жаңартылған білім мазмұны курсын аяқтап
келдік. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай бүлдіршіндермен жаңа
бағдарлама негізінде сабақ бастап кеттік.
Ең бірінші біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.
Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын
өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер
тізбесі.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен
мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты
анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі,
білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.
Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір
пәннің бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушы жетістіктерін
критериалды бағалау жүйесі бастапқы күннен бастап қолданысқа кірді. Әрбір
оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтап алғаннан
кейін, оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруын қадағалаймыз. Бағаға
қарсы теріс көзқарастың болмауын қалыптастырамыз.Осыдан барып оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте
сақтауы молаяды. Оқушының бойында табандылық пен шыдамдылық пайда болады. Білім
алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін
дер кезінде анықтайды. Оқушының білім
алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері
байланыс ақпаратын алады. Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағаланады. . (өзіндік
жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық
т.б). Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағаланады. Критериалды бағалау
жүйесі оқушының белсенділігін арттырады. Оқу үдерісінде жарыса,
бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс
жасауға балалар икемделген. Оқушыларға
жеке, топта, жұптасып жұмыс жасаған ұнайды. Өз ойларын айта алады. Бірі бірін
бағалай біледі.
Ұсыныс: Келешекте білім мазмұнына сәйкес оқу
құралдары, кабинет сай жабдықталса. Оқулықтағы тапсырмалар баланың жас
ерекшелігіне сай болса. Оқулықта кейбір қателіктер болмаса. Қазіргі заманда
өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелейміз. Оқушы
тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы
анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды
өз бетімен табуға, талдауға, дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның
құзіреті қалыптасуы қажет. Осыған төзімді
мұғалімдердің жеткілікті болуы.
Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Ж.Б.