Ашық сабақтың тақырыбы: Аксонометриялық проекциялар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың білімдерін тексеру, сызу заңдылықтарын меңгеру.
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды талғампаздыққа, әсемдікке, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және құрал-жабдықтар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар, электрондық кітап, таблица.
Күтілетін нәтиже: оқушылар еркін жұмыс істеуге
дағдыланған, сабақ тәсілін жетік меңгерген, достық қарым -
қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережесін сақтай білетін, шебер оқушы қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сұрақ - жауап әдісі.
2. Жаттығу жұмысын тексеру.
III.Жаңа сабақ
ІY.Тапсырмаларды орындау.
Y. Сабақты бекіту.
YІ.Үйге тапсырма.
YІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты үш топқа бөліп, топ
Басшыларын сайлаймын.
1 топ. Изометрия.
2 топ. Диметрия.
3 топ. Триметрия.
II. Үй тапсырмасын
тексеру.
1. Сұрақ - жауап әдісі
a) Масштаб дегеніміз не?
б ) Осьтік центрлік сызық дегеніміз не?
в) Жуан тұтас сызық дегеніміз не?
г) Проекциялау әдісі
дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ.
Электрондық кітап арқылы видео көрсету-6 минут.
Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы көрнекілігінде және
бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың
құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде
қолданады.
Аксонометриялық проекциялардың түрлері:
1.Изометриялық
(изометрия) яғни, тең
өлшенеді. (Z, X, У) осьтерінің көлбеулігі бірдей.
2.Диметриялық
(диметрия), яғни екі есе өлшену координаттық екі осінің
көлбеулігі бірдей, үшіншісі
басқаша.
3.Триметриялық
(триметрия), яғни үш есе өлшем барлық осьтердің
көлбеулігі әртүрлі.
Стандарт техникалық сызбаларда келесі
аксонометриялық проекция қолдануын қарастырады: тік бұрышты
изометриялық
проекция, тік бұрышты диметриялық проекция.
Менің қолымдағы
детальдың аксонометриялық проекциясын сызасыңдар.
Детальдың
өлшемдерімен, үш жақ көрінісін тақтаға сызып
қоямын.
ІY. Тапсырмаларды орындау.
1 топ- Изометрия.
Атына сай изометриялық проекцияда сызып беріп, оны
қорғайды.
2-топ Диметрия. Қиғаш
бұрышты фронталь диметриялық проекцияларда сызып
қорғайды.
3-топ Триметрия. Тік
бұрышты диметриялық проекцияда сызып
қорғайды.
Сергіту сәті-1
минут.
Қорғауға әр топқа-4
минуттан.
Y. Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап әдісі.
1.Аксонометриляқ
проекциялар әдісінің мәні неде?
2.Аксонометриялық
проекция түрлерін
атаңдар.
3.Қиғаш бұрышты
диметрияның тік бұрышты диметриядан айырмашылығы
неде?
YІ.Үйге
тапсырма. 6- қосымша, 2- нұсқа М1:1, 188 бет. А4 пішіміне үш жақ проекциясын
және аксонометриялық
проекциясын
салу.
YІІ. Бағалау. Топ
басшыларының бағалауы және мұғалімнің қорытынды бағаны сынып журналы мен
күнделіктеріне қоюы.