"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Dance life – 2017

02.05.2017

Dance life – 2017

          Ауданның мәдени өмірі күнделікті жанданып отыр. Оның бір дәлелі жыл сайынғы аудандық мәдениет үйінде Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілетін би байқауы болар.

Биылғы жылы да сол дәстүрден озбай сәуір айының 28-жұлдызында дүркіреп  сайыс өтті. Оған  9 команда қатысты. Ушаков орта мектебінің

«Дудар-ай», Днепропетров орта мектебінің «Калейдоскоп», №2 Егіндікөл орта

мектебінің «New life»,  №1 Егіндікөл орта мектебінің «Number one», Алакөл орта мектебінің «Winner»,  Жаңақоныс негізгі мектебі «Жұлдыз-ай», Көркем

негізгі мектебі «Kings»,  Бауман орта мектебінің «Консонанс», Армавир

орта мектебінің «Dance party» командасы

қатысты.

Би байқауы мынадай кезеңдерден тұрды:

1. Таныстыру

2. Ұлттық би

3. Классикалық би

4. «Street danse»

Қатысушы командалар әр кезеңге ерекше дайындықпен

келіпті. Тіптен биылғы жылғы әр номинация бойынша командалардың біркелкі киімде

болуы байқау мәртебесін арттыра түсті. Әділқазылар алқасында отырған аудандық

білім бөлімінің қызметкерлері әр кезең сайын командаларды 5 балдық жүйемен

бағалап отырды. Әрбір бағалаудан кейін сайыс тартысты да қызу бола түсті.

Бірінен - бірі асып түскен командалар үздік болу үшін тырысып бақты. Сайыс

соңында әділқазылар алқасы қорытынды жасай отырып №2 Егіндікөл орта мектебінің

«New life» командасын бірінші орынға лайық десе, 

№1 Егіндікөл орта мектебінің «Number one» би ұжымын 2-орынға лайықты деп таныды. Ал Жаңақоныс негізгі мектебінің

«Жұлдыз-ай» би ұжымы 3-орынды қанжығаларына байлады.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, би әлемінде

қалықтай беріңдер!-деген тілек білдіргіміз келеді.

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст