Ұлт бірлігі – ұлы байлық
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі
балалар! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты
болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізіп отырмыз.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі
мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.
Жүргізуші: Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт
өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір
сүреді. Осы достыққа арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: « »
Жүргізуші: Енді балаларымыздың 1 мамырға арналған жыр
шумақтарына кезек берейік.
Бірінші
май бүгін,
Мереке келді деп.
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп.
Май
келді,май келді,
Бүгін мейрам алақай.
Көңілді әнді біз,
Шырқайық бәріміз.
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Бейбітшілік
ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Ән: «Көктем»
Алмас: Дайын қағаз, қаламым,
Бояу таңдап аламын,
Ақ көгершін, көк аспан,
Суретін мен саламын.
Май келді сән құрып,
Жасарып,жаңғырып.
Құлпырды, көктеп жер,
Мерейлі таң күліп.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Жүргізуші: Ортаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз, мерекеге әкелген
шашуларын тамашалайық.
Тақпақтар:
Жүргізуші: Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз
Көктем келді май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Анамыздай елжіреп,
Көкте күліп күн тұрар.
Жалауымыз желбіреп,
Қызғалдақтай құлпырар.
Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сахнаға
грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Би: « Грузин » Билейтіндер: Топ ұлдары
Хор: «Бірінші мамыр»
Жүргізуші: : Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген– дей келе сіздердің алдарыңызда бүлдіршіндер
өзбек ұлтының өкілдері әкелген өнерін тарту етеді.
Би: «Өзбек биі» Билейтіндер: Топ
қыздары.
Жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын
тыңдайық.
Қуанышты май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағым күміс таң.
Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» Жүргізуші: Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.
Қош сау болыңыздар!