"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірлігіміз жарасқан

06.05.2017

1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз

жарасқан» атты  мерекелік іс - шараның

сценариі

 

(мектептің мәжіліс залы сахнасы іс - шараға сай

безендіріледі, салтанатты музыканың әуенімен сахнаға екі жүргізуші шығады)       

Жүргізуші:

Мәңгілік, жасампаздық, тірлігіміз,

Танылған бар әлемге ірілігіміз,

Көп ұлтты Қазақстан бейбіт елміз,

Жарасқан ынтымақ пен бірлігіміз.

Жүргізуші:

Арғы текке санап біз Ғұн мен Сақты

Құшақ жая қарсы алып біздер жатты,

130 дан астам ұлт бір ту ұстап,

Ғұмыр кешіп жатырмыз тату – тәтті.

Жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар мен оқушылар! 1 мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне

арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік

іс - шарамызды бастаймыз

Жүргізуші:

Бүгінгі іс - шарада мектебіміздің әр сыныбы өздері

дайындаған Қазақ елінде бірлігі мен берекесі жараса тату - тәтті өмір сүріп

жатқан ұлттар мен ұлыстардың салт - дәстүрі мен өнерін көрсетпек

Жүргізуші:

Бүгінгі іс шараны бағалайтын сарапшылармен таныс

болыңыздар

Жүргізуші:

Сарапшылар алқасы төрайымы Балтабаева Динара Құттыбайқызы

 Жүргізуші:

Каиева Макен Сабиевна мектеп кітапханашысы

Жүргізуші:

Аманкелді Райханұлы директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Жүргізуші:

Бейбітшілік біздерге бірлік бердің,

Татулықтың арқасы, күліп көрдім.

Бірінші «а» сыны көрсетеді,

Дәстүрін түбіміз бір түріктердің.

Жүргізуші:

Түбі бір туысқан батыр халық түріктердің салт - дәстүрін

көрсету үшін

іс - шарамызды 1 «а» сыныбы бастайды. Қабыл алыңыздар!

Таңданамыз көргенде әр істерін,

Өнері көп, болашақ әртістердің.

1 «ә» сыныбын шақырамыз,

Көрсетпек салт дәстүрін кәрістердің.

Жүргізуші:

Сахнаға Корей халқының дәстүрімен 1 «ә» сыныбын шақырамыз

Жүргізуші:

Жаралған әнмен-күймен, бимен халық ,

Өнер десе бастарын иген халық.

Өзбекті өз ағамыз дейді қазақ,

Басына ала тақия киген халық.

Жүргізуші:

Іс – шарамызды жалғастыру үшін сахнаға туысқан өзбек

халқының дәстүрімен екінші сыныбын шақырамыз

Жүргізуші:

Мен Қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң, тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Жүргізуші:

Өз ұлтымыздың салт - дәстүрін көрсетуге сахнаға 3 сыныбын

шақырамыз Жүргізуші:

Ала таудан асып кеп,

Айтысып жыр мен ыр қуған.

Қазақ , Қырғыз ежелден,

Ағайынды бір туған.

Жүргізуші:

Туысқан Қырғыз халқының дәстүрін көрсетуге сахнаға 4

сыныбын шақырамыз қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Қазақстан, мәуелі ағаш жеміс бердің,

Куәсі боп қашанда жеңістердің.

Көрсетпек еді бір топ салт - дәстүрін,

Өнерлі, дана халық немістердің.

Жүргізуші:

Сахнаға Неміс халқының дәстүрімен бесінші сыныбын

шақырамыз

Жүргізуші:

Демейміз біздің елден жырақ тұрдың,

Бір кезде келіп бізге тұрақ қылдың.

Беларус тағдыры бір ұқсас халық,

Отаны алып, күшті трактордың.

Жүргізуші:

Сахнаға Беларус халқының дәстүрімен 6 сыныбын шақырамыз

Жүргізуші:

Сыр шертіп, қарасаңыз тарихымнан,

Кезінде келген ұлттар әр қияннан.

Тау халқы тауға қарап өсер деген,

Қалған сөз бе? деп қалам Армяннан.

Жүргізуші:

Армян халқының дәстүрімен мерекемізді 7 сыныбы

жалғастырады

 

 

 

Жүргізуші:

Кел билейік қол ұста,

Ортамыз бір толысса.

Частушкаға салайық,

Шырқатайық орысша.

Жүргізуші:

Сахаға орыс халқының дәстүрімен 8 сыныбын шақырамыз

Жүргізуші:

Қашан да өнер десе болар дайын,

Қалмайтын олар қалыс байқау сайын.

9 «а» сыныбын шақырамыз

Көрсетер салт дәстүрін Украинның

Жүргізуші:

Украин халқының дәстүрімен сахнаға 9 «а» сыныбын

шақырамыз

Жүргізуші:

Қазақстан ортақ бір үй қыламыз,

Өнер мен салт - дәстүрді сый қыламыз.

Деп кеп тұр тоғызыншы «ә» сыныбы,

Бүгін біз мерекеде Ұиғырлармыз

Жүргізуші:

 Іс - шарамызды

Уйғыр халқының салт - дәстүрімен 9 «ә» сыныбы жалғастырады

Жүргізуші:

Түркі тілдес ежелден батыр халық,

Әнші, биші, сырнайшы ақын халық.

Қазанның татарларын кім білмейді,

Қазаққа ең ағайын жақын халық.

Жүргізуші:

Татар халқының өнері мен дәстүрін көрсетуге сахнаға10

сынып оқушылары шығады. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекемен және мерекелік іс шараға белсене

қатысқан барлық сыныптарды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Балтабаева

Динара Құттыбаевнаға беріледі

Жүргізуші: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған

«Бірлігіміз жарасақан» атты мерекелік іс - шара осымен өз

мәресіне жетті

Жүргізуші:

Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

   

 

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст