"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен елімнің ұланымын»

06.05.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай өтетін «Мен елімнің ұланымын» атты мектепішілік «Жігіттің сұлтаны -2017» байқауының сценариі

(мектептің акт залының сахнасы мерекеге сай безендіріліп,

сахнадан ел мен жерді жырлайтын және патриоттық ән - күйлер ойналып тұрады, салтанатты

музыкалық әуенмен сахнаға екі жүргізуші шығады)

Жүргізуші:

Қорғайтын отанымды қырағымын,

Самғасам қанат талмас қыраныңмын.

Мәңгілік қарыздар боп өтем саған,

Өйткені мен елімнің ұланымын.

Жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар мен құрметті қонақтар және

барша  оқушылар мен жанкүйерлер Қазақстан

Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығы мерекесіне орай өткелі отырған «Мен

елімнің ұланымын» атты мектепішілік «Жігіттің сұлтаны - 2017» байқауын ашық деп

жариялаймыз

Жүргізуші:

Бүгінгі байқауды аудандық жастар ресурстар орталығымен

бірлесіп өткізіп жатырмыз

Жүргізуші:

Және байқауымыздың демеушілері де осы жастар ресурстар

орталығы екенін естеріңізге сала кетейік

Жүргізуші:

Ендеше байқауға қатысушы үміткер жігіт сұлтандарын сахна

төріне шақырамыз

Жақсыгелді Сұңғат 5 сынып оқушысы, Мейірбек Арлан 6 сынып

оқушысы, Тілеуқор Жангелді 7 сынып оқушысы, Ғазизов Құрмет 8 сынып оқушысы,

Жұмағұл Ернұр 9 «а» сынып оқушысы, ........... 9 «ә» сынып оқушысы,

...............10  сынып оқушысы т.б

(жүргізушілер кезек кезекпен таныстырады)

  Жүргізуші:

Бүгінгі байқау бес кезеңнен тұрады

Жүргізуші:

1. Кезең. «Мен елімнің ұланымын» атты қатысушылардың

өздерін таныстыруы. Бұнда қатысушылар тегін , отбасын, сыныбын көркем сөзбен немесе

ән әуенімен таныстырады (таныстыру кезінде бейнеролик көрсетулеріне болады. 3

минуттан аспауы керек)

Жүргізуші:

2. Кезең. «Өнерпаз болсаң арқалан» атты өнер сайысы.

Бұнда әр қатысушы өздерінің бойындағы ерекше бір өнерін көрсетеді (ән, күй, би,

мәнерлеп оқу, пародия, монолог т.б. жанрлар)

Жүргізуші:

3. Кезең «Білгенге маржан» атты білімділік сайысы. Бұнда

қатысушылар ұлттық салт - дәстүрлерге және ел тәуелсіздігіне, ерлік пен

батырлыққа байланысты қойылған сұрақтарға табан асты жауап береді.

Жүргізуші:

4. Кезең «Күш атасын танымас» атты спорттық сайыс. Бұнда

5 – 7 сыныптар өз ара қол күрестіріп жарысса 8 – 11 сынып қатысушылары 16 кг

кір тасын көтеріп жарысады

Жүргізуші: 

5. Кезең «Жігітке сегіз өнер де аздық етеді» атты үй

тапсырмасы. Бұнда өздері жасап әкелген қандай бір бұйым, қолөнер туындыларын

қазылар алқасы алдында  қорғайды.

Жүргізуші: 

Жігіттерді  мақтайтын ,мадақтайтын,

Керек болса олардан талап дайын.

Қазылар алқасымен танысайық,

Байқауда баға беріп сараптайтын.

Жүргізуші: Ендеше байқаумызды бағалайтын қазылар

алқасымен таныс болыңыздар

Жүргізуші: Қазылар алқасының төрайымы Балтабаева Динара

Құттыбайқызы мектеп директоры

Жүргізуші: мүшелері .......................................................

аудандық жастар ресурстар орталығының директоры

Жүргізуші: Жуматов Өмірзақ Аубакірұлы  алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі

Жүргізуші: Куатова Гулзат Қуатқызы мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жүргізуші: 

Бойдағы бар өнерін жарыстырсын,

Қазылар бағаласын салыстырсын.

Отбасын шыққан тегін мақтан тұтып,

Жігіттер өзін өзі таныстырсын

Олай болса «Мен елімнің ұланымын» атты бірінші таныстыру

кезеңін бастаймыз.

Сахнға 1,2,3,4,5,6,7 т.б (нөмірлі жігіт сұлтандары кезек

кезекпен өздерін таныстырады)

(қазылар алқасынан бірінші кезеңнің бағасын сұрау)

Жүргізуші:

Жігіттер барлық сынға көнер дедім,

Елітіп жанкүйерін, көрерменін,

Екінші бұл кезеңнің шарты солай,

Көрсетпек барлық сұлтан өнерін

Жүргізуші:  Ендеше

«Өнерпаз болсаң арқалан» атты байқауымыздың екінші кезеңін бастаймыз.

Сахнға 1,2,3,4,5,6,7 т.б (нөмірлі жігіт сұлтандары кезек

кезекпен өздерінің өнерлерін көрсетеді)

(қазылар алқасынан екінші кезеңнің бағасын сұрау)

 

 

 

Жүргізуші: 

Барлығы енді міне шабыттанды,

Ұлтының бай мұрасы таныс бәрі.

Салт – дәстүр, мақал - мәтел бұл кезеңде,

Білімі жігіттердің танылады.

(Сахнға 1,2,3,4,5,6,7 т.б. (нөмірлі жігіт сұлтандары

кезек кезекпен өздері таңдаған парақшаларға жазылған сұрақтарға табанасты жауап

беріп, мақалдарды жалғастырады.)

(қазылар алқасынан үшінші кезеңнің бағасын сұрау)

музыкалық үзіліс (муз. пауза)

Жүргізуші:

Өнері жігіттердің іске ұлассын,

Ақылы білмдері күшке ұлассын.

Күш атасын танымас дейді қазақ,

Төртінші бұл кезеңде күш сынассын!

Жүргізуші:

Ендеше байқауымыздың «Күш атасын танымас» атты төртінші кезеңін

бастаймыз

(5,6,7 сыныптар өзара қол күрестіріп жарысса  8,9,10 өзара кір тасын көтеріп жарысады)

(қазылар алқасынан төртінші кезеңнің бағасын сұрау)

Жүргізуші:

Сұлтандар әлі талай сыннан өтер,

Сан түрлі сынақтарға олар көнер,

Жасапты  қол

өнерден әр түрлі зат,

Жігітке аз болар деп сексен өнер.

Жүргізуші:

Байқауымыздың келесі шешуші кезеңі «Жігітке сегіз өнер де

аздық етеді» атты үй тапсырмасын бастаймыз.

Жүргізуші:

Олай болса құрметті қатысушылар өздеріңнің жасап келген

қолөнер туындыларыңды қазылар алдында таныстырыңдар!

(қазылар алқасынан төртінші кезеңнің бағасын сұрау)

Жүргізуші: Мінекей Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің

25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен елімнің ұланымын» атты мектепішілік «Жігіттің

сұлтаны -2017» байқауы өз мәресіне жақындап келеді.

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі байқауға төрелік еткен қазылар

алқасына сөз беріп сахна төріне шақырамыз

Жүргізуші: Осымен «Мен елімнің ұланымын» атты

мектепішілік «Жігіттің сұлтаны -2017» байқауы аяқталды

Жүргізуші:

Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст