Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген ерлер
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы , оның Отанымыздың
бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы , әскери өнердің өзіндік ерекшелігі
туралы , егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат
беру:
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , өлеңді мәнерлеп оқу
манерін, өнерлерін көрсете білуге , сахнада өздерін көрсете білу арқылы
эстетикалық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік : оқушыларды туған елін , жерін Отанын , тілін , мәдениетін құрметтеп
, тарихты терең бағалай отырып , патриоттық сезімге тірбиелеу;
Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер : «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» банер , «Power Point» слайд шоу, гүлдер , шарлар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
I- Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты ұстаздар , аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен
кұттыктаймыз.
II -Жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен гүлін.
Ардақты ағаларга шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін-
«Елін сүйген ерлер» атты мерекелік ашык тәрбие сағатын тамашаланыздар.
І -Жүргізуші:
Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету
дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.
II -Жүргізуші:
Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан
мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын
желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны
неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп
аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан.
Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы –
жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір
зерттеушілердің ойынша туа біткен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік,
тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана
көрінеді.
І –Жүргізуші:
Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
II -Жүргізуші:
Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып
жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен
сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық,
денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!
Әркайсысы жас пері
Бойында бар нык күші
Қазағымның әскері
Мықтылардың мықтысы
Мадияр:
Арайланып ақ таң шын
Ашық болсын жолдарың
Әрбір қазақ мақтансын
Деп сендерді « Қорғаным»
Мұкамбеталі:
Сыйлар деумен тынымды
Сендерге артты үмітті ел
Мейрамдарың бүгінгі
Кұтты болсын жігіттер
І -Жүргізуші :
« Сарбаздар» әні .
І-жүргізуші:
1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.А.Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш
рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы
кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз
армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас
бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына
айналды.
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектін күшімен,
Ата-бабам мирас етті жерімді.
Арыстандай айбаттым,
Бойда құрыш қайратым,
Мәнгі қорғап өтем текті елімді.
Сүйсем әке-апамды,
Сүйсем солай Отанды,
Мызғымайтын шекарада тұрганда.
Отан үшін от кешем,
Қаруыммен серттесем,
Көк бөрінін киеси бар тұлғамда.
Ондасын:
Бейбіт қонған елім бұл,
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудын арасын.
Мәнгі орнасын азат күн,
Аспанына қазақтың ,
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің ,
Ұланымын туын көкке көтерер.
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан ,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар ,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар .
Қазағымның жерін, елін қорғайтын ,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз .
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
ІI-Жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Би «Әке толғауы» .
I-Жүргізуші:
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.-
оқушыларымыздың 7 мамыр Отанқорғаушылар күні туралы ойларын тыңдайық.
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге
құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың
қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер орасан ілтипатқа
ие.
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен
батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты
жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік,
қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.
Отан қорғаушылар күні Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың
тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен
ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.
ІI-Жүргізуші:
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді
қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны
арта берсін!
I-Жүргізуші :
« Алға қазақ жігіттері»
ІI-Жүргізуші:
Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған
дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім
алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам
баласы құрметпен бас иеді.
I-Жүргізуші :
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны,
Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен
еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері
сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .
Хор « Атамекен »
ІI-Жүргізуші:
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да
құтты болсын, ардақты азаматтар!