"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың бас ақыны (А.Құнанбаев шығармашылығы)

10.05.2017

Эссе

Қазақтың бас ақыны

(А.Құнанбаев  шығармашылығы)

 

  Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 

      

            Абай Құнанбайұлы болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған
ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді.
Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар

бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абай – жалғыз қазақ әдебиетінің

шеңберінде ғана емес, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы бүкіл Шығыс

әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі. Сол дәуірде Еуропа, орыс халықтарының ірі

ойшылдары көтерген прогрессивтік, жалпы адамзат қоғамының үлкен мәселелеріне

Шығыс әлемінен үн қосқандардың да Абай алдыңғы сапында болды. Ойы терең, түрі

көркем, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – қазақ қана емес,

туысқан елдердің де көптеген ақындарына ұстаз.

         Абай үстем тап өкілінен шықса да, бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды.
Ол шығармаларында халықтың мүддесін, арман-мұңын

жырлады, елінің жарқын болашағынан зор үміт күтті. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке

көтерді. Ол (шығармаларында) өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді,

оларға тән байырғылықты қайталамады. Шығыс пен батыс мәдениетін өз өлеңдерінде

түйістіріп, өлеңдерінің сапасын жоғарылатты.

         Ақын қазақ әдебиетінде алғаш сыншыл реализмдік бағытты қалыптастырған ақын болды.
Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет әдебиет пен өнердің қоғам өміріндегі орнын дұрыс түсініп, Абай оны өз

поэзиясының басты тақырыбы етті. Ақын өлеңдерінің жинағы тұңғыш рет 1909 жылы жарыққа

шықты, сөйтіп, әдебиет жұршылығының оның шығармаларымен танысуына мүмкіндік

туды. Оның алғашқы өлеңдері әйел бостандығы, оқу-ағарту, әлеуметтік теңсіздік

мәселелерінде жазылды.

    Абай қазақтың ұлттық мәдениетін, әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты.

Қазақтың  жазба әдеби тілінің негізін салды.

    Абай лирикасы - кең көлемді, мол қазына. Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы.

Ақынның жылдың, төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығында,

ақынның орыс поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Абайдың бұл

тақырыпта жазған өлеңдерінің алғашқысы – «Жаз» өлеңі. Осы өлеңінде жазғы

табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты  құбылысын түгелдей динамикалық әрекетке

бөлініп сипатталады. Ал «Қыс» өлеңінде қыстың табиғатын өзгешелеу суреттеген.

Мұнда табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Абайға дейінгі әдебиетке қысты

жанды адам бейнесінде суреттеу әдебі болмаған.Бұл – Абай жаңалығы. Ақын

«Жазғытұры» атты өлеңінде қазақ даласындағы жазғытұры кездің барлық суретін

толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқының, еңбекке ұмтылатын, тіршілік үшін

күрестің қайнар мезгілі деп танылды.

    Абайдың өз заманының ұнамсыз, сорақы көріністерін дәл көрсетіп, өткір, ызалы күлкімен

шенеуі «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың», өлеңдерінде көрініс тапқан.

    Ақын өлең құрылысы ғана емес, барлық мәселе жөнінде де жаңалық ашты. Оның өлеңдерін,

тақырып, идея, мазмұн, т.б. жақтарынан алсақ та, жаңалығы мол. Абай қазақтың

көркем әдебиетінде өлең түрлерін түгелімен жаңадан жасады. Ол қазақтың

әдебиетін тек қана мазмұны жағынан емес, түрі жағынан да жоғары сатыға көтерді.

Дамылсыз ізденіп, барлық жігер-ынтасын қазақ әдебиетін байыту, дамыту,

өркендету ісіне жұмсады. Соның нәтижесінде ұйқас, буын, шумақ тағы басқа жақтарынан

ерекше өзгешелік бар өлеңдер тудырды. Сол себепті де ол – қазақтың бас ақыны

саналады. Жазушы Мұхтар Әуезов «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ

поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп бағалаған Абай Құнанбайұлының

шығармалары заман өткен сайын бүгінгі ұрпаққа, болашақ ұрпаққа бағыт сілтер

темірқазық сияқты құнды.

Просмотров: 968


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст