«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №1 Егіндікөл орта мектебі
Мұғалiм: Нұрхамит Н.Н.
Сынып: 3
Оқушылар саны: 25
Тақырып: Туған жер ғажаптары
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: туған жерге мейірімділікпен қарау, туған жерге риясыз қызмет ету,
жанашырлық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға туған жер ғажаптарын түсіндіре отыра сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Білімділік: туған жерге мейірімділікпен қарау түсініктерін кеңейту 2.Дамытушылық: риясыз қызмет етуге дағдыландыру 3.Тәрбиелік: жанашырлыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: Бейне жазба, жағдаяттар, смайликтер, ән |
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңi.
5Т ережесін сақтау. Тәртіп; Талап; Тыныштық; Тазалық; Татулық. II. Тыныштық сәтi №1 Орманға ойша саяхат (3 мин) Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр тыныс алғаныңызда өзіңізді тыныш сезінуге тырысыңыз. Сіз сыныптың есігіне жақындадыңыз, есікті ашып, дәлізбен келе жатырсыз. Далаға шықтыңыз. Таза ауаны жұтып, самал жел мен күн нұрының сіздің бетіңізді жылытқанын сездіңіз. Орманға қарай жүріңіз. Абайлаңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минутқа тоқтап, айналаңызға қараңыз.Табиғаттың сұлулығы мен тазалығын сезініңіз. Жаныңыздағы гүлдердің біріне келіп, сәл иіліп, мұқият қараңыз, қандай нәзік. Оны иіскеп, хош иісін сезіңіз. Айналаңызға зер салып, ары қарай жүріңіз. Гүлдер мен ағаштардың хош иісі, құстардың әні және жәндіктердің баяу үні. Орманда жүріп, ағаштардың көптігіне, жақындаған сайын биіктей беретіндігіне назар аударыңыз. Күн көзі сізге жапырақтар арасынан сығалап, жасырынбақ ойнағандай, оның сылдырын естіңіз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Жазыққа шығып, бірнеше минут тынығыңыз. Өзіңіз бір сәт саясында отырғыңыз келген бір ағашты таңдаңыз. Ағаштың жанына келіп, оны құшақтаңыз. Қандай мықты ағаш. Оның күштілігі мен ондағы өмір қуатын сезініңіз. Енді оның түбіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алып, сөзді қоршаған ішкі тыныштық пен үнсіздікті сезініңіз (Мұғалім осы жерде бірнеше минут тоқтай тұруына болады). Біз жеңілдік пен бақытты сезінеміз. Қандай таңғажайып табиғат, біз барлық тіршілік иесін қалай аялап,сүюіміз керек екенін түсінеміз. Енді бұл сіздің ағашыңыз, кез-келген уақытта осында келе аласыз. Мектепке қайта оралуға әзірленіңіз. Орныңыздан тұрып, айналаңызға тағы да мұқият қараңыз. Жәндіктерді басып кетпей, келген жолыңызбен қайтадан мектепке оралыңыз. Міне, мектептің ауласына жеттік. Айналаңызға тағы қарап, терең тыныс алып, есікті ашып ішке кіріңіз де орныңызға келіңіз. Осы тыныштық пен қанағат сезімін сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз! Үй тапсырмасын тексеру: « Күн мен гүлдер » әңгімесін оқып келу 117 бет Сұрақтары: 1. Гүлдерді, шөптерді күн неліктен оятады? 2. Күн гүлдерді оятқан сәтте қандай сезімде болады? 3.Табиғаттың сұлулығына қандай сүйіспеншілік құндылығын суару керекпіз? 4. Осы көріністі өздерінің таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңмен салыстырып, айтып беріңіздерші? 5. Қоршаған ортаға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
|
Сабақ барысын талқылау 5Т ережесін тақтаға іліп қою.
|
Дәйексөз (3 мин) « Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде, Сән түзеп көрік берсін жер бетіне» Рысбай Сәтімбеков Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
Рысбай Сәтімбеков – ұстаз, профессор, биолог – ғалым. Мамандығы биолог болғанымен, ол әдебиетке жақын болған.
|
Қыздарға 1 рет, ал ұлдарға 1 рет және хормен 1 рет қайталатамын. Дәйексөзді дәптерлеріне жазып алуларын өтінемін.
Топпен қайталап айтады |
Оқиғаларды әңгiмелеу (7 мин) Мұғалімнің сыйы (8 мин) Бейнеролик:«Жерұйық» 1. Әжесі Асанға қандай ертегі айтты? 2. Асан неліктен Жерұйықты іздеуге сапарға аттанады? 3. Асанның арман тілегі қандай еді? 4. Асан қандай оқиғаларға тап болды? 5. Жерұйық дегеніміз не екен? 6. Осы бейнебаяннан қандай әсер алдыңдар?
|
Мәтінге байланысты сюжетті суреттер.
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс (10мин) 1 – топ: «Менің туған өлкем» тақырыбында сурет салу 2 - топ: Түсіп қалған сөздерді қойып, өлеңді толықтыр: 1. Табиғат ол анамыз, Табиғатқа баламыз ......... ойнаймыз, ( құшағында) ..........саламыз. ( шаттық әнге) 2. Жазда аралап тауында, Барамыз біз бауына ........ шомылып, ( өзеніне) ........ жауында, ( жүгіреміз) 3 – топ: Жағдаяттарды шешу (көрініс көрсету) 1 - жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді - де, тұрып қалды… Сұрақ: 1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар? 2. Арман қандай бала? 3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен? 4- топ: «Табиғат ғажаптары» тақырыбында ассоциация құру. |
|
Топпен ән айту. (4 мин) Жігіттер квартеті «Туған жер» әні 1)Туған жердің бөбегіміз Туған жердің өлеңіміз Өмірге еркелеп көңілді өлкеде Қараймыз келер күнге туған ел Қ-сы: х2 Отанның ұланы біз жігіттер Жолымыз тұр әні нұр қиямен Өзіңді жырлаймыз туған ел 2)Біз бақыттың тілегіміз Біз уақыттың жүрегіміз Гүлдей боп жайнаймыз Бұлбұл боп сайраймыз Өлкенің бұлағындай ойнаймыз
Қ-сы; х2 Отанның ұланы біз жігіттер Жолымыз тұр әні нұр қиямен Өзіңді жырлаймыз туған ел 3) Біз отанның ұланымыз Біз отанның қыранымыз Өмірге еркелеп көңілді өлкеде Қараймыз келер күнге туған ел Қ-сы: х2 Отанның ұланы біз жігіттер Жолымыз тұр әні нұр қиямен Өзіңді жырлаймыз туған ел |
|
Үй тапсырмасы. (2 мин) « Туған жер» туралы мақал – мәтел кітапша жасап әкелу |
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (3 мин) Мұғалімнің сөзі: (баяу ырғақты әуен қосылып тұрады) - Қазір көзімізді жұмайық, бүгінгі сабақты ойша еске түсірейік. Айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді жүрегіміздің түбіне орнықтырайық! Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабағымыз аяқталды.Белсенді қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
|
|
Мектеп директоры: Балтабаева Д.Қ.
Мұғалім: Нұрхамит Н.Н.