"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тылсым дүние ғажаптары

11.05.2017

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: №1 Егіндікөл орта мектебі       
Мұғалiм: Нұрхамит Н.Н.              
Сынып:10
Оқушылар саны: 22  
Тақырып: Тылсым дүние  ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер:  зиян келтірмеу, жауапкершілік, жақсы азамат болу

 

Сабақ мақсаты: Қоршаған ортаға

байланысты қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:

-  табиғатқа зиян келтірмеу

маңыздылығын түсіндіру;

-  табиғатты  қорғау жауапкершілігін  дамыту;

-  жақсы азамат болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: видео   

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (3 мин) 

5Т ережесін сақтау.

    Тәртіп;

    Талап;

    Тыныштық;

    Тазалық;

    Татулық.

2. Тыныштық

сәті №4 «Су асты патшалығына ойша саяхат»

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады).
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына,

шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік,

сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну,

су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып

балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.

Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.

Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан

түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді

ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

3.Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

 «Ең қызықты әлем кереметтері» бейнежазбасынан үзінді

·       Таңғажайып табиғат туралы не айта аласыздар?

·       Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер

етті?

·       Табиғат ғажаптарын сақтап қалу қолымыздан келе ме?

Сабақ барысын

талқылау:

Баяу музыка ойнап

тұрады.

 

Сабақ барысын талқылау

5Т ережесін тақтаға іліп қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақта көрсетілген

бейнежазба бойынша сұрақтар қойылады.

4. Дәйексөз (4 мин)

« Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.»

                                                                    

 

                                                                         

Махатма Ганди

 

Дәйексөздің  мағынасын қалай түсіндіңдер?  

 Қыздарға 1 рет,

ал ұлдарға 1 рет және хормен 1 рет қайталатамын.

Дәйексөзді дәптерлеріне жазып алуларын өтінемін.

Топпен қайталап айтады.

 Махатма Ганди туралы ақпарат

5.Мұғалім сыйы (10 мин)

Бейнежазба «Табиғатты қорғайық, аялайық!» 

1.     Осы бейнежазбадан  қандай әсер алдыңыздар?

2.    Адамдар табиғатқа қандай қиянат жасайды?

3.    «Біз ата – бабамыздан

табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық»  деген ойды қалай түсінесіз?

4.    Өзіне қатысты

қандай ой түйдіңіз?

 

6.Шығармашылық жұмыс

(топтық жұмыс)

І топ «Жас ғалымдар»  «Таза болса табиғат, аман болар

адамзат» жоба

ІІ топ «Жас биологтар»  «Жер ана» аңызы туралы постер

қорғау

ІІІ топ «Жасыл ел»  «Табиғатты қорғау - біздің парызымыз» жоспар құру (постер қорғау)

 

7.Топпен

ән айту. (3 мин)

Қос қарлығаш

Сөзін жазған: Бақытжан

Ауданбаев Сазгер: Нұрлан Еспанов

Бір күн келіп алмастырып бір түнді,

Көктем келіп айналамыз құлпырды.

Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде,

Қанат қағып жеткенде,

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар.

Ерте өшкен үмітімді,

Қайта жақтыңдар.

Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,

Қанатымен тілгілеген аспанын.

Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,

Ұя салса ауласына басқаның.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,

Тірліктерін туған жерге өңделген.

Әрбір адам туған жерін сүюді,

Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.

 

8.Үйге тапсырма  (2 мин)

 124 бет «Шексіз

әлем» өлеңін жаттау

 

9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын.  Табиғаттың ғажап  сәттерін жүрегіңізге

түйіп алыңыз!  Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.


 

 

Мектеп директоры:                                     Балтабаева Д.Қ.

Мұғалім:                                                       Нұрхамит Н.Н.

Просмотров: 1413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст