Бүгін мектебімізде жалпы ұлттық республикалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты барлық ата - аналар жаппай
мектепке қатынап, балаларының сыныптарын аралай жүріп, олардың қалай сабақ өтіп
жатқанын өз көздерімен көріп, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен және
мектеп басшыларымен сөйлесіп, пікірлесуіне жағдай жасау екен.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан А. жүргізуімен өткен
жиналыста төмендегідей тақырыптарда сөз қозғалды.
Күн тәртібі:
1. Мектептегі қамқоршылық
кеңестің іс қызметі туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
А.Райханның баяндамасы.
2. Мектепке жасалған демеушілік пен қайырымдылық тақырыбында мектеп директоры Д.Қ. Балтабаеваның
баяндамасы
3. Жаңа форматтағы ҰБТ және қорытынды атесттация жөнінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Г.К.Куатованың мәлімдемесі
4. Әр түрлі ағымдағы мәселелер
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтар өз шешімін тапты.