"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас суретші

16.05.2017

№1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

Тақырыбы:«Жас суретшілер» сайысы

(2 сынып)

Дайындаған: Абишева Б.К

 

  Тақырыбы: «Жас суретшілер» сайысы

Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін

және шығармашылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары,

қылқалам.
Сайыстың барысы:
Бүгінгі сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. «Таныстыру»
2. «Аппликациялық сурет»
3. «Өсімдіктерді құрастыр»
4. «Айырмашылығын тап»
5. «Шебер - фломастер»
6. «Жаз – керемет жыл мезгілі»

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.

І топ «Балдырған»

ІІ топ «Достық»

І. Таныстыру
Топпен таныстыру;
«Балдырған»
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.

«Достық»
Достық болсын әр елде,
Бақыт қонсын әлемге.
Тату – тәтті тұрайық,
Сәнді өмір құрайық.
ІІ. «Аппликациялық сурет»
Түрлі - түсті қағаздан балапан бейнесін жабыстыру.
ІІІ. «Өсімдіктерді құрастыр»
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесі.

Өсімдіктерді түр – түріне қарай құрастыру.
IV. «Айырмашылығын тап» Топ басшыларына тапсырма.
Екі топ басшыға сурет беріледі. Олар суреттегі

айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.
V. «Шебер - фломастер»
Фломастерлермен суретті анық бояп шығады.
VI. «Жаз – керемет жыл мезгілі»
Балалар өз бетінше жаз мезгілінің бейнесін қағаз бетіне салады.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп,

сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,

марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.
Марапаттау рәсімі. (музыка

әуенімен сайыс аяқталады)

Просмотров: 828


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст