"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өсімдіктердің алуан түрлілігі

18.05.2017

 

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

Дүниетану  сабағының жоспары

 

Мектеп: №1 Егіндікөл орта мектебі       
Мұғалiм: Нұрхамит Н.Н.              

Сынып: 3
Оқушылар саны: 25

Тақырып: Өсімдіктердің алуан түрлілігі

Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:  мейірімділік, қамқорлық, аяушылық

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өсімдік әлемінің сұлулығымен және алуан түрлілігімен таныстыра отырып,  жалпыадамзаттық сүйіспеншілік

құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

    Дәрілік

өсімдіктермен таныстыру;

    Тірі және өлі

табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылауға үйрету;

    Оқушыларды өмірде табиғатқа

сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар: интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс

 

 

 

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция

(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

1.Ұйымдастыру кезеңi. (2 мин) 

5Т ережесін сақтау.

    Тәртіп;

    Талап;

    Тыныштық;

    Тазалық;

    Татулық

2.Тыныштық

сәтi. ( №1 Нұрға бөлену 5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу

ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге

қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай

бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.

Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық

жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және

жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз

тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен

шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да

бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...

Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және

Тыныштық күйінде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.

Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

1.Балалар,сендерге «тыныштық сәті» ұнады ма?

2.Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

Баяу музыка ойнап тұрады.

 

Сабақ барысын талқылау

5Т ережесін тақтаға іліп қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі интеграция ( жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интегрциялау)

3. Үй тапсырмасын

тексеру. (10 мин)

1 – топ: Топырақ қасиеттерін сипаттау

2 – топ: Топырақта тіршілік ететін жануарлар?
 (топтастыру)

3 - топ: Топырақ туралы тест алу

Тест:                                    
1.Топырақ  деп ... айтады.

А) Жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын. Ә)Өсімдік тамырларының

шырмалуын.

  Б) Жердің жануарлар ін қазатын қабатын.
В) Жер бедерінің беткі

құнарлы қабатын.

2.Топырақтың

негізгі қасиеті:

А) Құнарлығы

Ә) Қарашірік

Б) Қара қоңыр түс

В) Тыңайтқыш

3.Топырақтың түсі:

А) Оның құрамындағы ылғалға байланысты.

Ә) Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне

байланысты.

Б) Егін шаруашылығына байланысты.

В) Әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.

4.Жануарлардың

қатысуымен:

А) жердің сыртқы келбеті жақсарады.

Ә) топырақ құнарланады.

Б) егістік жердің сапасы артады.

В) өсімдік гүл ашады.

5. Сор топыраққа айналады:

А) жауын-шашын аз жауатын, ауа температурасы

қатты ыситын аймақ.

Ә)топырақ түсі қара аймақ.

Б)жауын-шашын көп түсетін айсақ.

В) үнемі

жел соғып тұратын аймақ.

А 3 форматқа сурет салу арқылы қорғау

4.Дәйек сөз:

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат!»

Ф.Оңғарсынова

Нақыл сөздің мағынасын қалай

түсіндіңдер?

Фариза Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). 

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан

астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің

Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын",

"Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.

Қыздарға 1 рет, ал ұлдарға 1 рет және хормен 1 рет қайталатамын.

Дәйексөзді дәптерлеріне жазып алуларын өтінемін.

Топпен қайталап айтады

Дәйексөз жазылған   плакат

Ф.Оңғарсынова туралы ақпарат беру

 

Сыртқы интеграция

(жалпыадамзаттық

құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы шешу.

Сөзжұмбақ шешу.

1.Айт десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес.(шөп)

2.Басына үлпілдетіп таққан шашақ,

Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.(қамыс)

3.Асты тақта,

Үсті тақта.

Ортасы жасыл мақта.(пісте)

4.Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.(сарымсақ)

5.Қыналы бармақ,

Жез оймақ.(бүлдірген)

6.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.(жеміс)

7.Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем дәмді ас.(күріш)

8.Бала-бала.балалар,

Мүйізінен су ішіп.

Таяғынан балалар.(тары)

9.Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс.(жүгері)

10.Көк лағым көгенде тұрып секіреді.(қарбыз)

Ішкі интеграция ( Оқулықпен жұмыс)
Өсімдіктердің жер бетінде өспейтін жері жоқ.Өсімдіктерді мұхит түбінен де, орманды даладан да, шөл мен шөлейт жерлерден де, таудан да,

тіпті суық полярлы аймақтан да кездестіруге болады.қазақстанда өсімдіктердің

15 мыңдай түрі бар.Оның 2мыңннан астамы балдырлар,5мыңдайы

саңырауқұлақтар,600-ге жуығы қыналар,500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6

мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер.Өсімдіктер алуан

түрлі.Солардың бір түрі қызғалдақ туралы айтып берейін.

5. Мұғалімнің сыйы:
Бейнеролик: «Қызғалдақтың шығу тарихы»

Сұрақтар:

1)    Қызғалдақтың шығу тарихы неде?
2)   Қызғалдақ гүлінің адам өмірімен

байланысы қандай?
3)  Қызғалдақ гүліне қандай қамқорлық

жасар едіңдер?

4) Осы бейнежазбадан  қандай әсер алдыңыздар?

Дәптермен жұмыс:

Өсімдіктердің сабағы – жуан, жіңішке, қатты,

жұмсақ, жалғыз, көп.

    Өсімдіктердің

жапырағы – жалпақ, қылқанды, гүлдері түрлі түсті болып келеді.

  

 

Ағаштар     бұталар      шөптер      су өсімдіктері

Өзін – өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдері:

Біздің де сыныбымызда тұрған өсімдіктерге яғни,

гүлдерге су құйып, қамқорлық жасап ғана қоймай, сүйіспеншілікпен қарап,

сәлемдесіп, жақсы сөздер айтып, сырласып жүрсек гүліміз одан да жақсы құлпара

түседі. Сыныпта шулы дыбыстар көп болса гүліміз баяу, солғын өседі. Үйдегі

анамыз өсіріп жүрген гүлдерге де өзіміздің жақсы сөздерімізбен жылулығымзды,

сүйіспеншілікпен сездіре қамқорлық танытсақ, бөлмеге жақсы музыка қойып

тыңдасақ, гүлдер жақсы реакциядан энергия алады. Гүліміз әсем, әдемі болып

жайнай түседі.

Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай,

адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен

бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана

емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын

жерлердің барлығына өсіру керек. 

Сұрақ:

1.     Адамдар өсімдіктерге қамқорлық жасай отырып, қандай сезімге бөленеді?

2. Қызғалдаққа сүйіспеншілік сезімімізді қалай жеткіземіз?

6 .Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

1-топ: Жалпақ жапырақты ағаштың  макетін жасау;

 ( қайың,емен, үйеңкі)
2- топ: Қылқан жапырақты өсімдіктердың суретін салу ( шырша, қарағай,

самырсын)
3- топ: Бұта тәрізді өсімдіктердің суретін салу
( итмұрын, бүрген, бөртегүл, таңқурай, қарақат)

7.Топпен ән айту. (3 мин)

«Көктем» әні

1. Келді көктем, нұрлы көктем,

Құстар келді көптен күткен.

Қар ериді, енді көптен,                  

2 рет

Шөп шығады жерге біткен

2. Жадырайды күнде көктем.

Шапағатын бізге төккен

Мейрамдар бар, көптен күткен.

Жасай берсін нүрлы көктем!            

2 рет

3. Келді көктем, нұрлы көктем,

  Құстар келді көптен күткен.

Қар ериді, енді көптен,                

2 рет

Шөп шығады жерге біткен.

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс жасау.Оқулықта берілген

мәтінді түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеороликті оқушыларға ұсыну, сұрақтар

қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерге өсімдік туралы мәліметті жаздырту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көктем» әнін

хормен орындату

 

8.Үй тапсырмасы:

82 – 83 бет оқу, түсінігін айту.

 

 

9.Сабақтың қорытынды

сәті:

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар  бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық

әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып,

жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

         

 

Просмотров: 1342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст