Тартынбай сөйлер асылмын!
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-деп қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбайұлының өлеңін оқымаған бірді бір қазақ баласы жоқ шығар.
Көкшетау қаласында өткен XVIII облыстық Абай
оқуы мен VIII облыстық Махамбет оқуларында мектебіміздің 6 сынып оқушылары
қатысты. №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында өткен бұл сайысқа
облыстан 108 оқушы қатысты.
Егіндікөл ауданынан №1 Егіндікөл орта
мектебінен үш оқушы бақ сынап, Құлахмет Жәнел «Тартынбай сөйлер асылым»
номинациясы бойынша белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен
марапатталса, қалған екі оқушы Жұмажан Алмаз бен Айтбай Дильназ
белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен
марапатталды. Оқушылар сайыста өз өнерлерін жақсы көрсетті, олар бұл сайысқа
қызығушылықпен қарады.