"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.05.2017

Тақырып: Қош бол, даярлық сыныбым!

Тыңдаңыздар,Тыңдаңыздар!

Бүгін  бізде қуаныш.....

Алақай,алақай.....                                         Байдаулет

-Қандай қуаныш айтайын ба?

Бүгін біз даярлықты аяқтағылы отырмыз.

 Біріншіге барар күн жетті.

Алақай,Алақай.....

 

-Біздің апай ақылды

-Біз ол апайдан барлығын үйрендік.

-Енді біз ер жеттік.

Тәртіпті бала боламыз

Айтқан тілді аламыз                                           (Нұрай)                 

Сабақты да оқимыз

Күнде 5-тік   аламыз

Апайды біз ұмытпаймыз...

Біздің апай,біздің апай сымбатты....

  Апайымызды ортаға шақырайық.(шапалақтау)

Гүлден Құрмашқызы

  Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Бүгінгі «Қош бол,даярлық сынып» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыттың ішінде мектептен

тәлім-тәрбие алып,өнер үйреніп,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен

қоштасып,1-сыныпқа қадам басқалы отыр.Балалардың қадамдары  құтты болсын!

  Жүргізуші:

Армысыздар,жиналған ата-ана,ұстаз.

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қанат қақты,

Даярлықты бітіріп,қуанған жас-деп ортаға балаларды шақырайық

  (Музыка қою арқылы балаларды шақыру)

  1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана

Көркіне ақылы да сай келетін,

Бірінші боп келе жатқан ортаға

Аягүл,Санжар,Гауһар,Саид,Назира,Байдаулет,
Сабина,Нұрислам  шапалақпен қарсы алайық

 2.Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің ұл-қыздар

Дилназ,Нұрзат,Сара,Дамир,Жанел,Айбар

Жанерке,Нұрасыл,Жан осы балаларыңызды шапалақпен қарсы алайық

3.Шығады мың бұралып Каусар мен Тұрсынай

Өнерді  Гүлім мен Жанқайша  қыздарындай  бәрін сүйші

Асия мен Нұрай екеуі келеді міне

Талапты да талантты әнші,күйші.

 4.Қуантады білімімен біздің  Даниал мен Мөлдір

Қалыспайды одан да достары   Жаннұр мен  Жанел

Қол соғып қарсы алайық оларды біз,

Арманына жетсін деп қағып қанат

5.Бүгінің бар жарқын

Ертенің бар айқын

Айдын менен Нұрдаулет

Асырарсың әлі

Ауылыңның  даңқын

6. Сабырлы  әрі салмақты

Және өнерлі жан-жақты,

Нұртуған,Нұрдаулет  пен Хангелді

Қарсы алайық оларды.

-Балалар,бүгінгі біздің даярлық сыныппен қоштасу мерекемізге ата-аналарымыз,ұстаздарымыз қонаққа

келіп отыр.Оларға өзіміздің өнерімізді көрсетейік

Хор:  Күлімде күн күлімде

1-бала: 

Армысыздар,мұғалімдер

қымбатты, Біздер үшін ашатын сан жұмбақты
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді             ( Хангелді)
Шәкіртіңнің қылықтары тым тәтті.

2-бала:

Қош келіпсіз,ақ жаулықты ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар,                     

(Жанерке)

Алдарыңда жау қазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

3-оқушы:

Кітаппенен дос болып,

Жалқаулықпен қош болып                Жанел

Өседі ой мен санамыз,

Біз біріншіге барамыз.

4-оқушы:

Ұзарады бойымыз ,

Толысады ойымыз

Өйткені біз күн санап                    Айдын

Өсіп келе жатырмыз

5- оқушы:

Бала,бала баламыз                     

Мектебімізге барамыз

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

 6-оқушы:

Бізге тәртіп үйреткен,              (Даниал)

Ән салғызып билеткен

Таңыстырып ең алғаш,

Әріптермен,суретпен

7-оқушы:

Баулап,баптап,өсірдіңіз,                (Сара)

Балалық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз,апай,сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді

8-оқушы:

Есте Сізді сақтаймыз                    (Санжар)

Еңбегіңізді ақтаймыз,

Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған,

Апай,Сізге мың

алғыс!(хормен)

 Ән «Тәрбиеші апай»хор

 Білімпаз кіріп келеді.

-Салеметсіндер ме,балалар!

-Мен  Білім жерінен келдім

-Білімпаз деген мен боламын.

-Сендер не өткізіп

жатсыңдар?

-Аааа ,солай ма?

-Сендер енді

даярлықтан кейін қай сыныпқа көшесіндер?

-ммм,дұрыс ,бірінші сыныпқа көшесіндер

-Жарайсыңдар,балалар!

-Ендеше менің бір жұмбағым бар еді

Қабат-қабат қаттама,ақылын болса аттама.   (кітап)

Олай болса, «Кітап»әңгімесін оқып берейін

-Кітап- ең жақын дос.

Кітап жақсылыққа үйретеді,жамандықтан жирендіреді

Кітаптың  бір бетін ашқан сайын сөйлейді.Оның беті

тұнып тұрған ақыл.

Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің.Кітаптан естімегенді білесің,көрмегенді

көресің,күлесің,жылайсың,қуанасың.

Кітап-ақылшы,серік дос.

-Кітапты көп оқындар,балалар!

Айналайын ,балғындар,

Алға бағыт алдыңдар

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар

Орындалар,ойларың

Құтты болсын тойларың!

-Ал,балалар сау болындар!

9-бала:

Алтыға келді жасымыз,                   (Аягүл)

Сәбиліктен астық біз

Мектеп біздің панамыз

Қош, даярлық сыныбымыз

 10-бала:

Құшағында жарқылдап,                       Гүлім

Өтті сәби күндерім

Өсті талап, талғамым,

Көп нәрсені үйрендім

 9-бала:

Алты  жасқа толдым мен

Әдепті бала боламын                    Саид

Ата-анамды қуантып,

Кілең бестік аламын

 

10-оқушы:

Өсті міне бойымыз,                 (Назира)

Өсті ақыл ойымыз.

Жиналған бүгін бар қауым,

Құтты болсын тойымыз!

 11-оқушы:

Қиысынып қашпаймыз,          (Нұрзат)

Шынығамыз жастай біз

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз

12-оқушы:

Бал құшағы тым ыстық,                   (Тұрсынай)

Мектебіміз бастапқы

Мұнда жақын туыстық,

Мұнда тұңғыш дос таптық

 

                                     Ән

«Қуыр-қуыр,қуырмаш »

13-оқушы:         

Үйренеміз  өнер біз,                     Айбар

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып,ән

шырқап

Билеп-билеп береміз

 

14-оқушы:

Құшағында

жарқылдап,                        Асия

Өтті сәби күндерім

Би  биледім,ән тыңдап

Алаңдауды білмедім

15-оқушы:

Оқимын сөздерді                       Нұртуған

Суретте саламын

Мінезім өзгерді

Енді мен ақылды,

Тәртіпті боламын

16-оқушы:

Мыж-мыж етіп тастаған,                          

Киімімді өтектеп

Әжем бұрын бақшаға                Дилназ

Апаратын жетектеп.

Еркелігім аз енді

Бүгінде есті баламын

Мазаламай әжемді

Мектепке өзім барамын

17-оқушы:
Доспен тату ойнауды,              Дамир

Мерекені тойлауды.

Бойымызға сіңірген,

Көптің қамын ойлауды

18-оқушы:

Бала,бала баламыз                         Б. Жанел

Мектебімізге барамыз

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

 19-оқушы:

Біріншіге барамын                              Ясира

Қолға қалам аламын

Кітапты да оқимын

Суретті де  аламын

  20-оқушы:

Өз аузына қаратқан,                       Мөлдір

Ұстаз ойын ұғамыз

Сөйтіп,әрбір сабақтан.

Сәл есейіп шығамыз

  21-оқушы

Міне ,мен де                                 Нұрасыл

Үлкен болдым

Жасым толды алтыға

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын өзім де.

 22-оқушы

Таудай биік талабым,

Суретті де саламын                  

Әзір менің  дәптерім,                               Жанқайша

Қарындаш пен қаламым

 23-оқушы

Мектеп- кеме,білім-теңіз,

Барар жерге тез жетерміз                  Жаннұр

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда

  24-оқушы

Даярлықпен қош айтысып қаламыз,                Нұрислам

Енді қолға сауат ашуды аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Саутты боп шықты,міне, балаңыз.

  25-оқушы

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін                              Гауһар

Алғашқы топты қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

26-оқушы

Көңілдіміз күлеміз,

Әріптерді білеміз                      Д .Нұрдаулет

Мектеп –біздің үйіміз

Тату-тәтті жүреміз

Просмотров: 591


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст