"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді даму нәтижесі

30.05.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді даму

нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Нұрхамит Н.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау 2017

 

1.        

Кіріспе бөлім:

1.   

Жалпыадамзаттық құндылықтар

2.Негізгі бөлім:

  1. Қиянат жасамау түрлері мен себептері, міндеттері.

  2. Практикалық бөлім

3.Қорытынды бөлім:

1.   «Өзін-өзі тануды» оқып, өзгерудемін.

 

 1.    Жалпыадамзаттық құндылықтар

  Мәңгілік құндылықтар білімнің өзегі болып

табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару

ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Егер осы құндылықтарды

ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа

теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік

құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз

дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде

тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз

ешқашан , ешкімге қиянат жасамаймыз, тіпті қиянат жасауды ойламаймыз да. Яғни

ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат

жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне

қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің

жиынтығы, яғни, ата-әжелеріміздің бізге қалдырып кеткен мұралары. Бүгінгі таңда

рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын

жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып өзгереді.

     Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңгі күніне сеніммен заманына сай адамын
тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап,
рухани – адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанған «Бөбек» қорының президенті Сара

Назарбаеваның « Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының

өзі ерекше. Себебі, «Өзін – өзі тану» баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін

сыйлауға, өзгелердің  талқы-талдауына тәуелді болмауға, өз орнын өмірден таба білуге үйренеді.

     Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты
қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің
соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ:
тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық,

өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы

–«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман

кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген

принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы

қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден-

бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз
сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі
болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген

кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеті екендігіне

сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын
атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың

жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан

дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп
адамшылықты бірінші орынға қояды. Сабағымда әр пәннің өз теориялық ақпараты, міндеті,

талабы бар. Соларды іске асыру барысында оқушыларымның рухани дамуы ақсап

қалатын сияқты болатын. Мен өзін-өзі тану курсына келгенде өз-өзімді басқа

қырынан тани бастадым. Бұл сабақтың рухани күші соншалықты, өмірге деген құштарлығым

арта түсті. Бірақ қазіргі курспен айырмашылығы жер мен көктей. Өте көп теориялық ақпарат алдым,
өзімнің жан дүниемді, санамды түсіндім. Рухани дамыдым. Әр түрлі әріптестерімнің оқиғаларын естіп,
өмір туралы түсінігім тереңдей түсті. Өзімнің жан дүниемдегі өзгерістер, әсіресе

құндылықтар терегінің ішіндегі қиянат жасамау құндылығы өзіме, өмірде қеңінен

осы құндылықты қолдана білуге  ықпал етті. Өзін-өзін тану пәнін тереңнен түсіндім.

Пәннің теориялық негізіне тоқталатын болсам, Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында

былай делінген: «...Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар –

патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен

толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойын ұсынушылық. Бұл

құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу

орындарында да сіңірілуі тиіс. Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік».

Осы құндылықтарды іске асыруды өзін-өзі тану пәнінен бастап, басқа да пәндерге

енгізуіміз керек. ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған Назарбаева Сара

Алпысқызының рухани-адамгершілік білім беру жобасымен үндеседі. Әлемдік білім

кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының

баламасы жоқ. Ол балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім берудің барлық

деңгейлерінде үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз етеді. «Өзін-өзі тану»

рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасында тұтас тәрбие мен білім беру

үдерісінің рухани негізін қалпына келтіру жүргізіледі. Қазіргі қоғамда

адамзаттың дамуы үшін «руханилық» ұғымына материалық шынайылылықтан маңызы кем

түспейтін оъективтік шынайылылық мәртебесін қайтарудың қажеттігі пісіп жетілді.

Адамгершілік қоғамдық және жеке дүниеге көзқарастың бірден-бір неғұрлым универсалды
формасын көрсетеді және адам мінез-құлқының бір-біріне және қоғамға қатысты қағидалар
мен нормаларының жиынтығы болып табылады. Адамгершілік

адамның сезімін, қалауын және мінез-құлқын нақты бір дүниетанымға сәйкес

моральдық қағидалармен реттейді. Адамгершілік салт-дәстүр және әдет-ғұрыптармен шектелмейді,

оның нормалары мен қағидалары ең алдымен, жақсылық пен жамандық мұраттарына
идеялық негіздеме болып көрініс табады. Оған сондай-ақ құндылықтық түсінікте сәйкес көрініс табатын,
адамның міндеті мен оның өмірінің мәнін түсіну жатады.

II. Негізгі бөлім:

Қиянат жасамау түрлері мен себептері, міндеттері.

Қиянат жасамау – түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік.
Түсіну – барлық түршілікті қиянат жасамауға алып келу тұтастығы.
Қиянат жасамау – Ақиқат, Сүйіспеншілік,
Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс – жүзіндегі тәтті жемісі. 

Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Біреуі болмыстың бірлігін жете түсінуге ұсынса,
екіншісі барлық затқа Сүйіспеншілік ретінде көрініс береді. Қиянат жасамау  барлық

адамгершілік қасиеттерді қамтиды. Табиғатқа қатысты – бұл табиғаттағы тепе- теңдікті сақтау,
табиғат заңдылықтарын құрметтеу. Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді  ғана білдірмейді,
ол – басқа адамдардың қайғы – қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.

Қиянат жасамау қағидаттары:

—  Өзіңе қатысты қиянат  жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат

жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

—  Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

—  Жамандық көру – көзге қиянат.

—  Жаман иіс – мұрынға қиянат.

—  Жаман әрекет – тәнге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері:

—  Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

—  Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

—  Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

—  Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

 Қиянат жасамаудың міндеттері:

Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.
Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық.

Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғау.

4. Практикалық бөлім:

Жалпы курсты оқу кезінде, практика кезеңінде осы құндылықтардың тәжірибесін қолдандым.
Сабақ өткізу барысында жалпыадамзаттық   құндылықтардың барлығын басшылыққа алдым.
Алғашқы сабағымды «Туған жер ғажаптары» тақырыбында алдым. Бұл сабақта маған өте қатты ұнағаны «Мұғалімнің сыйы» ретінде «Жерұйық» бейнебаянын оқушыларға ұсындым.
Оқушылардың барлығы интербелсенді тақтадан көздерін алмай қарап, бір жерін қалтқысыз
үзбей қарап отырды. Бейнебаян  соңында оқушыларға жалпылама сұрақтар қойып, оқушылардан
өте әсерлі жауаптар алдым. Шығармашылық жұмыс кезінде әр түрлі тапсырмалар беріліп,
жандарын салып, топпен ақылдасып, ақылдасып жұмыс жасады. Оқушылар өз белсенділігін
осы кезеңде байқытты. Топтардың бірі жағдаятқа байланысты жағдаят шешіп, табиғатты ластамау,
зиян келтірмеу үшін қандай көмек қолдарын созатынын баяндаса, екінші топ тақырыпқа

байланысты сурет салса, қалған топ өлең құрастырып, ассоциация жасап,

постерлерін қорғап шықты. Оқушыларым сабақтан алған білімін өмірде қолданып,
қоршаған ортадағы адамдарға, жан-жануарларға, Отанына сүйіспеншікпен қарайды деген

ойдамын. Екінші сабағымды 10 сыныпта «Тылсым дүние ғажайыптары» тақырыбында өткіздім.
Оқушыларды тақырып бойынша 3топқа бөліп алдым. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде
қайталау сабағы болатын. Сондықтан оқушыларға «Әлемнің ең керемет кереметтер»
бейнежазбасын көрсеттім. Бұл бейнежазбадан өте тамаша әсер алды.
Оқушылар бейнежазба аяқтала салысымен өз ойларын ортаға салып, ешбір қысылмай,
әлемнің осындай тамаша көрікті жерерін көрмегендерін, болашақта осындай көрікті жерлерге
баратындарын мақсат етіп айтып кетті. Шығармашық жұмыс пен топпен ән айту кезеңі өте тамаша өтті.

Оқушылар топта жұмыс жасай алады. Берілген тапсырмаларды уақытында аяқтап, өз

көңілдерін тамаша әнмен көтеріп алды. Сабақ соңында өз пікірлерін жазып,

рақметін айтып кетті.

   Наурыз айының 20-сы күні «Қайырымдылық  жасау - игі іс»

тақырыбында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап мектеп әкімшілігінің,

ұжымның және оқушылардың қатысуымен қайырымдылық акциясын өткіздім. Мектеп ұжымы

мен оқушылар қауымы қолдарынан келгенін аянып қалмады. 2-11 сынып оқушылары

үйлерінен пісіріп әкелген тәттілерін жәрмеңкеде сатып, одан түскен қаржыны

«Жүректен-жүрекке» ұраны бойынша мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларды

қолдау жәшігіне салған болатын. Ал 8-11 сынып оқушылары «Біз қайырымды жандармыз»

атты қабырға газеттерін салды. Сонымен қатар ұстаздар ұжымы да «Мейірімді болса

жүрек-орындалар тілек» жәшігіне қаржылай көмек көрсетті.  Жиналған қаражат аз
қаржыландырылған отбасының балаларына қажетті оқу-құралдар мен киім-кешекке жұмсалды.
3 сынып оқушысы Школбай Әрсенге,8 сынып оқушысы Елмұратова Асемге және 6 сынып оқушысы

Черепанова Марияға оқу құралдары алынып берілді. Ал 4 сынып оқушысы Дулатов

Мирасқа,5 сынып оқушысы Шахманова Ақниетке, 6 сынып оқушысы Көшербаев

Айсұлтанға мектепке қажетті киім-кешектер алынды. Бұл іс-шара өзіме де қатты

әсер етті. Ата-аналар жиналысында бұл құндылықты іске асыру мақсатында бала тәрбиесі
кезеңіне аса назар аудардым.  Топтарға бала мен ата-ананың қарым-қатынас типтері, отбасындағы

балаларды тәрбиелеу типтері, тәрбиелеу кезінде ата-ананың жіберетін қателіктері,

ата-анаға арналған 10 кеңес және қазіргі замандағы тәрбиелеу түрлері жайлы

ақпарат таратып бердім. Ата-аналар өздері оқып, ойларын қағаз бетіне түсіріп

қорғады. Топтар жұмыстарын қорғағаннан кейін презентация арқылы жүйелеп, өзім

қысқаша айтып өттім. Осыдан кейін «Әке мен сіздің 1сағат уақытыңызды сатып

алайыншы » бейнежазбасын көріп, талдап, ата-аналар өз пікірлерін білдірді.

Жиналыстың қорытынды сәтінде топтарға жағдаттар беріліп, оны шешу жолдары

ұсынылды. Жиналыстың қорытынды сәті ата-аналарға ерекше ұнағаны « Анашым» әні

еді. Себебі, бұл жиналыс өткізіп жүрген жиналыстардан ерекше өтті. Ата-аналар

көздеріне жас алып, бала тәрбиесіне байланысты өз ойларын ортаға салып,

өздерінде қандай қателіктер кетіп жатқанын айтып, осы қателіктерді «Өзін-өзі

тан» пәні және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ғана жеңе алатындарын айтты.

Мұғалімдерге келетін болсам семинарда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім берудегі психологиялық-педагогикалық негіздері туралы бөлімде батыс психологиясындағы
3 бағыт, сананы тазарту, ізгілендірудің жаңа тәсілдері туралы көрсетілім көрсету арқылы айтып өттім.
Мұғалімдерге «Звездочки на Земле» бейнебаянын көріп, ерекше әсер алды. Бұл бейнежазба бойынша
мұғалімнің 3 стиліне басты назар аударып кеттік. Осы бейнежазба бойынша постер қорғатып, әр

мұғалім өз сабағында қандай стильді қолданатынын және оны өз өімірмен

байланыстырып, өз ойларын ортаға салды. Жиналыс соңында ұстаздар қауымына 
практикада өтілген іс- тәжірибем бойынша бейнебаяндар мен
Шалва Александр Амонашвилидің еңбектері ұсынылды.

 Қорытынды бөлім:

       Қорытындылай айтқанда қазіргі кезде адамдарға материалдық емес рухани –адамгершілік
жағынан көмек керек. Біз өз алдымызға мынадай мақсат қойып отырмыз: қоғамда рухани байлықты,

адамгершілікті,  адами қасиеттерді бойына сіңірген, ізгі адамдарды тәрбиелеу тиіспіз.

       Сара Алпысқызы Назарбаева:  «Өзін-өзі тану» курсы адамның өзі-өзі табуына,

ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және

әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі

адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі

болып табылады – деген екен. Мен өзімнің тренерім Әсем Бауыржанқызына және
« Бөбек» қорына алғысым шексіз.  «Өзін-өзі» тану пәні арқылы жалпыадамзаттық  құндылықтарды 

бойымызға сіңіруге, соны әр сабақта қолдана білуге, алдымызда отырған

шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағыт бағдар беріп, жол

сілтеп отырады. Өзін-өзі тану пәнінің құрылымы жаңа бағдарламаға сай түрленіп,

әр пәнмен ықпалдастырып, адамгершілік тұрғыда байланыстырып, сабақтатырып

отырғаны ұнады.   Болашақта өз алдыма мынадай мақсат қойып

отырмын. « Өзін-өзі тану» пәнін өз мектебімде жүйелі түрде қолға алып, әр

сабағымда жалпыадамзаттық құндылықтарды  қолданып, оны жаратылыстану бағытындағы әр бір

пәнмен байланыстырып, оқушылардың жүрегіне жол тауып, курс барысында алған

тәжірибемнің барлығын сабақ барысында шебер пайдалануды мақсат етіп отырмын. Әрбір

сабақта баланың бойынан құндылықтарды шығара білсек, сонда ғана балалардың

бойынан қиянат жасамауға, риясыз жақсылық жасауға, қоршаған ортаға қамқорлық

жасауға,  шыншыл азамат болуға, ешқашан зиян шектірмеуге, ешкімді ренжітпеуге,
бірлікшіл топ болып жұмыс үйретіп қана қоймай ізгілікті бойына сіңіре білуіміз
біздің борышымыз деп санаймын. Сондықтан осы алып жатқан курстағы білімімді талмай,
шаршамай, алдымда отырған жас бүлдіршіндерге, еліміздің болашақ азаматтарына,
ұрпақтарына арнаймын деген құлшынысым шексіз.
Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан

тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, тәтті жеміс. Өмір деген, шіркін,

зырылдап өтіп жатыр. Менің биікке самғай бергім келеді, бірақ тек адал жолмен

ғана. Қанша жерден қиналсам да қиянатқа бас сұқпаймын, жанарыма жас толса да

Аллам берген әр күнге ризамын. Қиындықтар көбейгенде рухтың бар екенін ұмытпай,

адалдықтың ақ жібін аттамай өмір сүремін. Сондықтан адам баласы бұл өмірде ақ

жолдан адаспай, ешкімге оймен, сөзбен, іспен қиянат жасамау керек. Сонда ғана

біздің елімізде тыныштық орнап, барлық адамзат баласы бақытты ғұмыр кешіп,

болашағымызға нық сеніммен қарап, гүлденетін боламыз.

 

 

Пайдаланылған

әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге

арналған нұсқаулық  Базалық деңгей

2. «Өзін-өіз

тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістемелік негіздері.

3. «Өзін-өзі

тану» пәнінің жаңа құрылымдық мазмұны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 10187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст