"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭССЕ. «Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің орны»

30.05.2017

ЭССЕ

«Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің орны»

  

Қазақ халқында мынадай нақыл сөз бар: «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің!» деген  сөздердің астында үлкен мән  мағына жатыр. Осы нақыл
сөзді ала отыра мен қазіргі қоғамдағы тәрбиенің қандай орны бар екеніне  және тәрбие саласына
үлкен мән бергім келіп отыр. Ұлы қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев  «…Әрбір

ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,

ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген . Яғни,

қазіргі уақытта  жас ұрпаққа саналы тәрбие мен  сапалы білім беру деңгейі ең

алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына

байланысты. Қазіргі қоғамда балалар тәрбиесіне,  өсіп келе жатқан жас ұрпақ 

тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  беріліп отыр.  

      Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Бала – ол үйдің ошағы, ата – ананың тірегі, жан – жылу жүрегі.
Біз әрқашан өзіміз тәрбиелеп отырған балаларымызға жаман іс әрекеттен аулақ болуға

және баланың бойында тек жақсы қасиеттерді үйретіп, оларды әрқашан

адамгершілікке тәрбиелеп отыру керекпіз. Оларға өмірдің мәні не екенін

сезіндіріп, өмірде тек қана жақсы жағынан көріне білуге, адамдарға жақсылық

жасауға, ата – бабаларымыз мұра етіп  қалдырған салт - дәстүрлерді, ескерткіштерді,

тарихи құнды асыл мұраларымызды ұмытпай, соларды жаңғыртуға бағыт – бағдар бере

отырып, оларды сүйіспеншілікке және адамгершілікке тәрбиелеу керекпіз. Сонымен

қатар, қазіргі қоғамдағы жастардың бойында адамгершілік, сыйластық,

мейірімділік сияқты жағымды қасиеттер жоғалып кетіп бара жатыр. Осы мәселеге

назар аударатын болсақ , тәрбие саласына көп көңіл бөліп, жастарға әрқашан

айтарым  ата – ананы қадірлеп, қастерлей білуге, үлкенге құрмет – кішіге ізет білдіре білуге,
яғни,  әрқашанда біздің түн ұйқымызды төрт бөліп, күні – түні кірпік қақпай, бізді аялап,
қолында бардың бәрін аямаған ата – анамызды сыйлауға және оларды құрметтеуге, қастерлеуге,
оларды күтіп баптап, айтқан ақылдары мен өсиеттерін үлгі ретінде тұтып, ата – анамыздың бар болғанына

мақтана білуіміз керек.  Мысал ретінде алма ағашын алатын болсақ: «Бау-бақшада өсіп тұрған
алма ағашын  баптап, оны үнемі  күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің». Сол

сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның,

яғни ата-ана мен мектептің міндеті.

Өмір шындығына жүгінетін болсақ , тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен
нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. Қазіргі қоғамда біздің ата-аналарымыздың
бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер орын алып жатыр.  
Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім,
тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке
ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау,
ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді. Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын,
тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған
ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек. Қазіргі таңда басты назарға
ұсынылатын бір ереже немесе қағида деп айтатын болсақ: «Мектеп қабырғасында тәрбие алып жатқан
өскелең жас ұрпақ және осы жас ұрпақты отбасында тәрбиелеп отырған ата - аналармен,
отбасымен тығыз байланысты болудың ең негізгі жолы мектепте өткізілетін әртүрлі мерекелер,
іс-шаралар мен жиналыстар, сайыс, ашық есік күндерін ұйымдастырып, ата-аналарды шақырып,
ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға
жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек.

Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский «Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама , ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты
жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмайды. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге
тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес» деп жазды.

Менің алдымдағы мақсатым, өз алдыма келетін саналы әрі тәрбиелі жас буындарға ертеңгі күні

білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен дарындылық,

көшбасшылық қабілеті жететін азамат тәрбиелеу үшін, біз оларды өз беттерімен

керек білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуіміз керек.

 

 

Просмотров: 3402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст