"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жүрегі-мұғалім

01.06.2017

                                            Мектеп жүрегі –мұғалім

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

    Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты

білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті

қажет ететін мамандықта – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден,

адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс

болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем

деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны

дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке

жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің

борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін

адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын

әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір

емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама

қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан

сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасалуында.Өйткені оның қарапайым

да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті,

білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы

Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім

көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады» - дейді. Білім берудің

мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн:

"Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне

білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін

түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз

салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың

есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін

құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары,

құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман

талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,

қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз

пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық

пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл

кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі

ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес,

болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп

отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.

Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: -

Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен

біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық

қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа

жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта

таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған

сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы

бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай

жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен

өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа

технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді

шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі

білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті

ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол

жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары

дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте

естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

 

 

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст