"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілін білу заман талабы

06.06.2017

Ағылшын тілін білу заман талабы

Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге

тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде

айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек.

2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» —

деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын

тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта

түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете

түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған

тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің

дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

    Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани

дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  басты мақсаты.

Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе

дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы

қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады.

Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар

жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050

жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін

өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін

білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер,

қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен.

Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының

кепілі.

Просмотров: 748


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст