"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп кеме білім теңіз

07.06.2017

Мектеп кеме - білім теңіз

«Мектеп»  деген сөзбен өмір жолы

қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен

байланысты.   Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға

ретінде  қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы.

Адамзат тарихында  ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам  болсын тек

білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан

озады.  Ұлы суреткер  жазушымыз  М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам

мен адамды  теңестіретін нәрсе  — білім»  деп тегін айтпаған.

Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген

ұғымдардың  — бәрі де  біліммен тікелей байланысты. Адам

бойында  болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері  біліммен ғана

кемелденеді.  Білімсіз адамның  бойынан бұл қасиеттердің  бірін

де табуға болмайды, болған күйде  де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір

ұлттың, мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігінің кепілі  — білім

ғана. Осындайда  Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаевтың  2006

жылғы  18 ақпандағы  Қазақстан Республикасы  халықтарына 

арнаған жолдауында  «ХХІ  ғасырда  білімі дамымаған  елдің

тығырыққа тірелері сөзсіз» деген, үлкен парасаттылықпен  айтылған көреген

пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының  қандай

екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың  түлеп ұшар тұғыры,

талантын шыңдар  білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар

бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің  сарқылмас  кәусар

бұлағының  көзі мектепте. Көптеген

жылдар бойы сыннан өткен, жағымды нәтиже берген  шетелдік 

мектептеріндегі озық  оқыту мен оқу әдістері  қазіргі таңда өз

елімізде қолданысқа енгізілуде. Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты,

Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге

асырылуда. Мектептің жүрегі — мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан казіргі таңда  ең маңызды

мәселелердің  бірі – педагог мәртебесін көтеру.

№1Егіндікөл орта мектебі қаншама жыл тарихы бар мектеп. Бұл мектепте

оқушылар білім нәрімен сусыңдап білімді ұстаздардың арқасында оқушылар өздерін

шыңдап биіктерден көрсетіп жүр.

Просмотров: 1353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст