"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі тест

08.06.2017

І нұсқа

 

1. Тарихи сөзді белгілеңіз.                                                                

A)наурыз

B)лашық

C) адырна

D) саяжай

E) ермексаз

2. Архаизмді көрсетіңіз.                                                               

A) садақ, жебе.

B) барымта, шидем.

C) жеделхат, өскін.

D) отарба, саяжай.

E) айбалта, найза.

3. Көнерген сөзге жататын мата атауын белгілеңіз.                                                             

A) шидем

B) лашық

C) діл

D) жебе

E) биқасап

4. «Шатұқ» сөзінің мағынасын белгілеңіз.                                                                  

A) Теңіз балығының мүйізі.

B) Әкімшілік сөз.

C) Мата атауы.

D) Қару-жарақ атауы.

E) Бұрынғы ай атауы.

5. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер.                                                                                                                              

A) көнерген сөздер

B) архаизмдер

C) неологизмдер

D) тарихи сөздер

E) табу сөздер

6. Туынды зат есімді белгілеңіз.                                                                 

A) аялдама, айлық

B) ашудас, сабыр

C) күрек, көзсіз

D) қуаныш, білгіш

E) теңіз, айтыс

7. Адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атауын белгілеңіз.                                                                  

A) дерексіз зат есім

B) жалқы есім

C) деректі зат есім

D) жалпы есім

E) туынды зат есім

8.Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімдерді белгілеңіз.                                                                 

A) су, мұнай

B) үй, есік

C) тау, ат

D) кітап, газ

E) жалғау, май

9. Тәуелденіпт септелген зат есімді белгілеңіз.                                                                 

A) кітапқа

B) кітапта

C) кітабыма

D) кітаптың

E) кітаптан

10.  Салыстырмалы шырайды белгілеңіз.                                                                  

A) қып-қысқа

B) ап-ауыр

C) жылырақ

D) аса терең

E) ең биік

 11. Шылау арқылы байланысқан  тіркесті белгілеңіз.                                                                  

A) Асан мен Үсен

B) Асанмен келді.

C) Мектепті көрді.

D) Қалыңдау кітап

E) Басыңқы сөйлем

12. Демеулік шылау                                                               

А) сен де

B) мал үшін

C) мұздаған сайын

D) желі де, шөлі де

E) содан кейін

13. Шектік мәнді демеулікті белгілеңіз.                                                                 

A) айтыпты-мыс

B) айттым ғой

C) сен ғана

D) үйден кейін

E) ол түгіл

14. Демеулік шылауды белгілеңіз.                                                                 

A) айтамысың

B) сондықтан

C) әйтпесе

D) дегенмен

E) туралы

15. Еркін сөз тіркесін белгілеңіз.                                                                  

A) жүрегі ұшу

B) көзді ашып-жұмғанша

C) жүз отыз екі

D) қалың кітап

E) жер шары

16. Әріптестердің  қызмет бабындағы қарым-қатынасындағы қажеттілік.                                                                    

A) қарапайымдылық.

B) ресмилік.

C) жауаптылық.

D) адалдық.

E) тиянақтылық.

17. Ресми қатынастағы сөйлеу тілінің сипаты.                                                                       

A) әдеби тілмен шешен сөйлеуге құрылған сөздер мен сөйлемдер.

B) ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздер мен сөйлемдер.

C) қалыпты, дәстүрлі сөздер мен сөйлемдер.

D) талап етуге құрылған  сөздер сөйлемдер.

E) ескертуге байланысты сөздер мен сөйлемдер.

18. Ресми іс қағаздарының негізгі міндеттері.                                                                       

A) маңызды мағлұматтарды сұрау, нақты жөн көрсету.

B) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақтылықты талап ету.

C) маңызды мағлұматтарды хабарлау, келісіп шешім қабылдау.

D) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақты жөн көрсету.

E) маңызды мағлұматтарды хабарлау, өзінің жеке шешімін ұсыну.

19. Ресми-іскерлік қатынас тіліндегі мүмкіндігі шектеулі сөздер.                                                                       

A) ресми реңктегі, хабарлау мәнді сөздер.

B) сезім күйге байланысты және тұрмыстық мазмұндағы сөздер.

C) даяр үлгідегі түпқазық сөздер, әкімшілік термин сөздер.

D) қалыптасқан үлгідегі баяндау, бұйыру, үндеу сөздер.

E) белгілі бір ортақ атауды айқындап тұратын сөздер.

20. Автобиографияның басқа өмірбаян түрлерінен тілдік ерекшелігі.

A) ғылыми тілмен мемуар түрінде баяндалуы.

B) саяси терминдер тілімен баяндалуы.

C) экспрессивті-эмоциялық түрде баяндалуы.

D) көркем әдеби тілмен шығарма түрінде баяндалуы.

E) көркем әдеби тілмен естелік

түрінде баяндалуы.

21. Тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлем

A) Келші, қалқам, қасыма отыршы.

B) Қане, осыдан тіл алмай көрші.

C) Менсіз ол ауылға барып көрші.

D) Темірді қызған кезде соқ.

E) Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал.

22. Жақсыз сөйлем баяндауышы болатын идиомалық тіркес

A) үмітін үзді

B) мұртын балта шаппайды

C) белді бекем буды

D) ата жолын қуды

E) жүрек жалғап алды

23.Жақсыз сөйлемге лайық қатар

A) Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

B) Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға

шықтық.

C) Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі.

D) Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.

E) Қуанғанынан көзінен жасы ыршып кетті.

24. Жақсыз сөйлем болатын қатар

A) Не болса да барып көрмек керек.

B) Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

C) Бұл кезде тоғай кемеліне келіп толықсып тұрады.

D) Бір кезде атты қалт тоқтатып, артына бұрылды.

E) Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

25. Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлем

A) Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.

B) Иен қыстауда неше қонарым беймәлім.

C) Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар.

D) Бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын едік.

E) Қайсардың шешесі Бәден апай - шалқып сөйлейтін адам.

 

 

Просмотров: 729


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст