Текст
Бүгін №1 Егіндікөл орта мектебінде 11 сыныптың түлектері қазақстан тарих пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырды.
Емтиханның ашылу салтанатына Ақмола облысы Оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Мухамеджанова Алма Каиркеновна және аудандық оқу бөлімінің әдіскері Селицкая Оксана Николаевна мен мектеп директоры Балтабаева Динара Куттыбаевна қатысып, емтихан тапсырмаларын ашып оқушыларға сәттілік тіледі.