"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қайырымдылық жасау - игі іс»

21.06.2017

Тақырыбы: «Қайырымдылық жасау - игі іс»

Мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсете

отырып,   қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.

1-жүргізуші: 
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. 
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз, 
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

2- жүргізуші: 
Адами қарым –қатынастағы ең басты әдептілік-бұл сәлемдесу болып табылады. 
Сәлем беру-имандылық,көргендік,мәдениеттіліктің белгісі.Олай болса,бір-бірімізге деген жылы ниетпен амандасып алайық. 
1-жүргізуші: Бәрі бірге. 
Армысың,Әлем! 
Армысың,алтын Күн! 
Армысың,Ұстаз! 
Армысың,абзал дос! 
2-жүргізуші 
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық жасау – игі іс»  атты қайырымдылық акциясына қош келдіңіздер! 
1- жүргізуші: 
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
2-Жүргізуші: Мектебіміздің

күміс көмей әншісі Утепова Ұлмекенді «Анаға сый» өлеңімен

ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен,
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.

2-жүргізуші:
Сара Алпысқызы Назарбаева “Бөбек”

балалар қорының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи

атындағы халықаралық сыйлығының, “Юнити” халықаралық сыйлығының иегері. 
“Бөбек” балалар қорының тұңғыш Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ізгілік пен

мейірімділік шартын сақтап өмір кешіп жүрген, жанының жылуын қорғансыз, жаутаң

жандарға төгуден жалықпайтын, туған елінің арда қасиеттерін бойына сіңірген

ғажайып әйел. 
Бүгінгі күні Сара Алпысқызы Назарбаева түркі тілдес мемлекеттер әйелдерінің ел

таныған көш басшысы болып саналады  Ән кешіміздің шымылдығын «Құлыншағым» әнімен 1сынып

қыздар дуэті ашпақ қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның “Бөбек” балалар қоры –

бүгінде Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елдерде де мойындалған, белсене 
қайрат көрсетіп жүрген қорлардың бірі. 
Қор қызметінің басты бағыттары – ана мен баланы қорғау, нәрестелер үйі мен

балалар үйін қамқорлықта ұстау, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен,

қажетті керек жарақпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан

дарынды балаларды қолдап-қоштау, балалар денсаулығын сақтау ісіне

жәрдемдесу  Би: «Чунга - чанга» орындайтын 2 сынып оқушысы Ерік Әсем

2.Жүр. Ана өмір бұлағы,

Ана өмір шырағы.

Бесігімнің жыр әні,

Көңілімнің шуағы.

«Ақ мамам» әні орындайтын 4 сынып дуэті

1.Жүр. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» орындайтын Құлахмет Жанел

«Сонда да сүйем» орындайтын 8 «ә» сынып оқушыларының дуэті Мұқағали Махатаев

«Бақыт деген» орындайтын 8 «ә» сынып оқушысы Ермек Нұрай

1-Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің. 
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті 
2-Жүргізуші: Мейірімділік – ғажайып өмір есегі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған
Оу, Адамзат, сіңірген бой,а мейірімді.-дей келе,

сөз кезегі «Мектепке жол» акциясы кезінде көмек беріп, қолдау көрсеткен

мектеміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Жиеналина Марал апайға беріледі. Мұқағали Махатаев «Ана сен бақыттысың»  орындайтын 7 сынып оқушыларының дуэті

1-Жүргізуші:Ортаға мың бұралған  бишілерімізді «Қызғалдақ» биімен ортаға шақырамыз.

2-Жүргізуші:

Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Сөз кезегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Райхан Амангелдіге береміз.
2-Жүргізуші: 
Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргнін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Би: «Толғау» - 8 «Ә» сынып қыздары.
2-Жүргізуші: 
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай

келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық

ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық

мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып,

келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
1-Жүргізуші:
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың

өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!

Просмотров: 910


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст