"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушының сабақ оқу кезіндегі мотивациясын көтерудің тиімділігі

22.06.2017

Оқушының сабақ оқу кезіндегі мотивациясын

көтерудің тиімділігі                                                             

 «Адамның алдында ақылға

апаратын үш   жол бар: ойлау жолы, бұл ең  жақсысы;  ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі;

жеке  тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»  Конфуций                                       

 Оқушылардың сабақ оқу

барысында мотивациясын көтеру және оны қалыптастыру әр мұғалімнің шеберлігіне

байланысты. Осыған орай әр мұғалім оқушылардың білімге деген, пәнге  деген ынтасын арттыру керек.

Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі

болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы

адамның белсенділігінің көзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін

талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай,

ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес

түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі -бұл адамды осы

түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші,

ынталандырушы, анықтаушы.

 Оқушылардың оқу  үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы.

Оқу мотивациясы – (латын тілінен “moveo” – қозғалтамын) – білім алушылардың 

білім мазмұнын белсенді меңгеруге,

өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс. Білім игеру процесі – белсенді

процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің

түрлері мен өзінділік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің

тиімділігі де арта түседі. Әдетте

сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру).

Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім

қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану,

талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір

алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу

секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны

жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.

Оқушылардың

оқу мотивациясын көтеру  мәселесі бойынша

ұсыныстар:

       

Тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыру: қызықтырып оқыту,

оқу материалының жаңалығы, жаңа және дәстүрлі емес оқыту формаларын қолдану,

компьютердің көмегімен оқыту, интерактивті компьютерлік, мультимедиалық

құралдарды пайдалану, өзара оқыту, эвристикалық оқыту, жарыс, проблемалық

оқыту.

       

Сабақ барысында оқушының жеке

ерекшелігін есепке алу - бұл әрбір оқушының  қызығушылығын, сапасын, талабын,

мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беруде педагогикалық әдіс, құрал,

әдістемелердің барлығын пайдалану.

Оқушыларға жеке тапсырмалар беру: реферат,

өзіндік жұмыстар, жоба жасауға дағдыландыру.

       

Оқушылардан жауапкершілікті талап ету. Сан-қилы

кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген

кейіпкерлерді сабаққа енгізу.

       

Қарапайымнан күрделіге көшу принципін ұстану: күрделілігі

жоғары тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

       

Қажетті білім көздерімен жабдықтау: компьютер,  т.б. құралдармен қамтамасыз ету

       

Оқушыларды ғылыми жұмыстарға араластыру:   ғылыми жобалар,   олимпиадалар.

       

Логикалық ойлауын дамытып сенімдерін

қалыптастыру: аргументацияға, дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге

үйрету.

       

Интерактивті әдістерді қолдану: Интерактивті

оқытудың мәні оқыту үрдісінде мысалы: - «Өрмекшінің торы», «Аквариум», «Дебат»,

«Ыстық орындық», «Миға шабуыл», «Пікірталас жүргізу әдістемесі», «Рольдік

пікірталас», «Уақыт шеңбері»,  «Алтын 

балыққа  арналған  аквариум», «Психологиялық-педогогикалық

консилиум», «Мозайка», «Ақылдың алты қалпағы», топтық, жұптық және тағы басқа

әдістерді қолдану арқылы оқушыларды таным үрдісіне тартып, өздері білетін және

ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп

ұйымдастыру. 

Сонымен қорытындылай айтсақ, әртүрлі авторлардың мотивация түсінігіне берген

анықтамаларына сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға

итермелейтін, жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық

импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық. Бүгінгі мұғалім, жаңа заман қойып отырған талаптарға,

керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық

мүмкіндіктерді игерген ұстаз. Ол тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес,

рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын, оқушының жан

дүниесін  түсінетін, олардың биік

жетістіктерге жетуіне көмектесетін қолдаушысы, көмекшісі досы болуы керек.  Ж.Аймауытов айтқандай баланың ақылы, сезімі,

қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ,

селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Сондықтан да

бүгінгі күні біздер мұғалімдер оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында

әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарды түрлендіріп  өткізсек, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау.

Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының

өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор.

Просмотров: 1807


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст