"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жүргізілген есебі

23.06.2017

2016-2017 оқу жылын бойынша қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінен  дарынды

оқушылармен жүргізілген жұмыстар туралы есеп

Ағымдағы оқу жылының басында бекітілген жоспар бойынша

аптасына бір рет дарынды оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Тіл мен әдебиет

болғандықтан оқушылардың шығарма, ой толғау, өз ойынан өлеңдер шығару

қабілеттерінің шыңдалуына жұмыстар бағытталады. Осындай дарынды оқушыларға 9

«а» сынып оқушылары Арив Аяулы мен Идрисова Айдана, 10- сынып оқушылары Өмірбек

Нұрлан мен Елмұратова Көркем, 6-сынып оқушылары Айтбай Дильназ бен Жұмажан

Алмазды алдым. 6-сынып оқушылары орта буынға енді аяқ басқандықтан онымен көбінесе

өлең шығару жұмыстары жүргізіледі. Екеуінде жеке шығармашылық жұмыс дәптерлері

бар. Апта сайын бір өлең шығарып оны өңдеп отырамыз. Нұрлан мен Аяулы өлең

шығарудан алдарына жан салмайды. Оқу жылы басталмай жатып ақ бірнеше байқауға

қатысып та үлгерді. Ал, Көркем шығарма жазуға жақсы төсілген. 

Қыркүйек айының аяғында тілдер мерекесіне орай өткізілген

«Азаттықты ана тілде жырлаймыз» атты аудандық жас ақындар жыр мүшайрасына

қатысқан

1. Өмірбек Нұрлан                                                                

2. Арив Аяулы

3. Идрисова Айдана

4. Айтбай Дильназ

5. Жұмажан Алмаз- аудандық тілдерді дамыту орталығы директорының Алғыс

хаттарымен марапатталды.

Мектепішілік пәндік өребәйгеден қазақ тілі пәнінен қатысқан Арив Аяулы мен Елмұратова Көркем жақсы

нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге де қатысты. Өмірбек Нұрланның «Мемлекеттік қызмет-елге адал еңбек» атты эссесі облыстық кезеңге жолданды. Осы сияқты Арив Аяулының «Қалдырған ізің мәңгілік» эссесі де осындай байқауға жолданды.

 Ақпан айында өткен аудандық

«Жарқын болашақ» пәндер олимпиадасына қатысқан Арив Аяулы мен Өмірбек Нұрлан

сертификат иегерлері атанып келді.Қазақ тілі пәнінен өткен

қашықтық НИО олимпиадасынан Арив Гүлжан қатысушы сертификатын иеленді.         

Ал КИО олимпиадасына қатысқан 10-сынып оқушылары

Жангазиева Ұлбосын, Зейнулғабиден Ермағанбет, Бозжігіт Фариза – І кезең

қатысушысы сертификаттарын иеленсе, 6-сыныптың 7 оқушысы да осындай сертификат

иеленді. Ал Жұмажан Алмаз, Айтбай Дильназ, Пшенбай Алиман ІІ кезеңге де қатысып

қос сертификат иегерлері атанды.

Мамыр айында өткен облыстық Абай оқуларына қатысқан

Айтбай Дильназ қатысушы сертификатын иеленсе, Кулахмет Жанель белсене қатысқаны

үшін Грамотамен марапатталды.

Жыл бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, келесі

жылға жоспарланған жұмыстар да жетерлік.

 

 

Пән мұғалімі                     Балшых Ақмарал

 

Просмотров: 1018


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст