"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№1 Егіндікөл орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық есебі

24.06.2017

№1 Егіндікөл орта

мектебінің  2016-2017 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық есебі

              №1 Егіндікөл орта мектебінің  ұжымы 

ҚР-ның мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстар атқаруда. Жаңа

2016-2017 оқу жылының басында ҚР-ның жалпы орта білім беру ұйымдар негізінде

оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылып және оқу-

тәрбие үрдісін жоспарлауды негізге алды. Пәндер бойынша бағдарламалар оқу

үрдісінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Білім беру міндеттері

мемлекеттік стандарт негізінде жасалып, оқу бағдарламасы, оқу жоспары арқылы

іске асырылды. Биылғы жылдың ерекшелігі 1сынып -бес күндік тәртіппен оқытылды,

2016 жылдың 15 шілдесіндегі № 453 бұйрығымен бекіткен бастауыш сынып білім

берудің типтік оқу жоспары бойынша апталық инвариантты жүктемесі 22 сағат,

вариативтік компоненті 2 сағатты құрап 1 сыныпта 33 оқушы  оқу жылын сәтті аяқтады.                 

 Мектептің оқу-әдістемелік тақырыбы:  «Жеке тұлғаға бағытталған  оқыту - 

тиімді білім берудің негізі

Әдістемелік кеңестің міндеттері

     -    оқу-тәрбие жұмысын жандандыру

- мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және білімдерін

жетілдіру

- шығармалық топтардың жұмысын жүйелеу

- оқу-тәрбие жұмысының диагностикасы

- мұғалімдерді білім жаңалықтарымен ақпараттандыру

-психолигиялық қызмет көрсету

-мұғалімдердің кәсіби проблемаларын анықтау мақсатында

зерттеулер жүргізу

-мұғалімнің 

үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау

       

-орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу дайындық

жұмыстары

Жүргізілетін жұмыстар төмендегідей оқу-әдістемелік жұмыстар арқылы

атқарылды. Олар:

       

-педагогикалық кеңес

        

-оқу-әдістемелік кеңес

       

-«Жас мамандар» мектебі

       

-«Жас іздемпаздар»  атты оқушылар ғылыми ұйымы

- пән апталықтары

-критериалды бағалау бойынша шығармашылық топ

-деңгейлік курс оқыған мұғалімдер бойынша шығармашылық

топтар 

    Жалпы мектепте жыл басында 280/255 оқушы, оның 25 даярлық

сыныбы. Жыл аяғында 291/257 оқушы, оның 34 даярлық сынып. І тоқсан -42%,                     

ІІ тоқсан – 43,46%

ІІІтоқсан - 53%, ІVтоқсан -50,19%, жылдық- 53,69%,                  48 оқу озаттары мен 90 оқу

екпінділерімен оқу жылын аяқтады.                                                     

                     25 мұғалім

оқу жылын бастады, оның 19- жоғары білімді, 6-арнаулы орта білімді. Жоғары

санатты - 2 (8%), І санатты – 5(20%), ІІ санатты - 9(36%),  санатсыз - 9(36%). Оқу жылын «Мен өз елімнің

патриотымын» атты  алғашқы сынып

сағатымен басталды. Жыл бойы келген оқушылар саны -9, кеткен- 7.  4 әдістемелік бірлестік бекітіліп,

әдістемелік бірлестік жетекшілері тағайындалды.

1.     Бастауыш сынып мұғалімдер

бірлестігі – Баязова Г. Ж

2.     Қоғамдық ж/е гуманитарлық

пәндер бірлестігі –Алиякбарова А. 

3.     А.Ә.Д ж/е денешынықтыру

пәндер бірлестігі –Алек Х

4.     Математика ж/е

жаратылыстану  бірлестігі – Кубжетерова А

5.     «Жас мамандар» мектебі

жетекшісі Абышева Ж. Б

         

6.   «Жас іздемпаздар» атты

оқушылар ғылыми ұйымы Балшых А

7. Шығармашылық топтар  жекшісі Даиров С. З

Мектеп 2 ауысымда  қызмет етті,  2 ауысымда 2,3 сыныптар (49 оқушы)

бағдарламаға сәйкес құрылған сабақ кестесімен 

білім алды. Күннің екінші бөлігінде жалпы 52 сағатты құрайтын,  оның 36 сағаты –факультатив сабақтары,

11-үйірме, 5(баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі)

секциялары жұмыс істеді. 4 сынып оқушысы Айтпай Н денсаулығына байланысты үйде

оқыту ұйымдастырылды. Оған 2 санатты бастауыш

сынып  мұғалім Бекбаева А. Н және жас

маман Кусаинова М   бекітілген сабақ

кестесімен дәріс берді. Ай сайын сынып журналдары  бірнеше рет 1-11 сынып оқушыларының

күнделіктері тексеріліп, анықтама жазылды. Жоспарланған пән апталықтары ауа

райының қолайсыздығына байланысты, жоспарланған уақытта болмай, ілгері кейінді

болып жатты. Мектептің аттестациядан өтуіне байланысты жантану апталығы және

«Жас іздемпаздар» ұйымының ғылыми –конференциясы ғана өтілмей қалды.                5,9,11 және 7сыныптың  ата- анасының ауызша шағымы бойынша 7 сыныпты

жеке-сыныптық бақылау өткізіліп, атқарылған іс-шаралар туралы анықтамалар

жазылып жұмыстары қорытындыланды. Барлық оқу-әдістемелік жоспарланған жұмыстар

өткізіліп, қорытындыланып анықтамалары жазылды. ІІІ тоқсаннан бастап 4,9,11

сынып оқушыларының білім деңгейлерін көтеру мақсатында әр бейсенбі сайын тестілеу

жүргізіліп, білім дейгейлеріне сараптама жасалап отырды.Оқу жылын мектептің

ұжымы «Жеке тұлғаға бағытталған  оқыту

-  тиімді білім берудің негізі» тақырыбын

басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізді.Мұғалімдерге әдістемелік көмек

ұйымдастыру мақсатында пәндер бойынша төрт пәндік бірлестіктер құрылған және

олардың  жұмысын мектептегі әдістемелік

кеңес үйлестіріп отырды. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында

мектепте деңгейлік курс оқыған 

шығармашылық топ мұғалімдерінің апталығының соңында  «Білім беру жаңа философия мәнмәтінінде

құзыреттілік тәсіл» атты дөңгелек үстел және математика –жаратылыстану пәндер

апталығының соңында «Жаңа МЖБС талаптарына сәйкес математика-жаратылыстану

пәндерін білім беруді модернизациялау» 

тақырыбы бойынша практикалық конференция өткізіліп, ұстаздар өз

іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар критериалды бағалау бойынша 2 рет

мұғалімдер арасында коучинг өткізілді. Оқушылардың интеллектуалдық сайыстарға

қатысуы биылғы оқу жылында біршама алға ілгеріленуі байқалды.

 

 

           сайыстар

қатысқандар саны

жүлделі орын алғандар саны

1

Ақбота

25

19

2

Русский медвеженок

36

10

3

Brilish Buldog

27

9

4

Золотое Руно

32

1

5

Кенгру-математик

24

-

6

Кенгру-лингвист

44

21

1орын- 4

2

орын- 11

3орын -6

 

 

7

Адам ж/е табиғат

32

1 орын -2

8

мектепішілік олимпиада

39

17 (21)

9

аудандық олимпиада

17

7 жүлделі орын

10

«ЭКСПО - 2017 балалар көзімен» тақырыбы 

шеңберінде «Жасыл экономика»

1 (Демисинов Н)

ІІІ дәрежелі Диплом

11

«ЭКСПО – 2017 биоалуантүрлілік сөзжұмбақ

1 (Сарсенбай Г)

сертификат

12

«Ясауи халықаралық ағылшын тілінен сайыс

2 (Идрисова А

Шахман М)

сертификат

13

«Ұлттық қолөнер- бабалар мұрасы» республикалық интернет байқауы

1 (Аскербек А)

сертификат

14

Қашықтық олимпиада информатика

І дәрежелі Диплом-7

ІІ дәрежелі Диплом-1                         ІІІ дәрежелі

Диплом-1

15

Қашықтық олимпиада қазақ тілі

7

І дәрежелі Диплом-7

 

16

Республикалық  «Зерде»  ғылыми жоба аясындағы  облыстық сайыс «Менің сыныбымдағы есімдер

сыры» 

3 (Жаксылык А)

Сертификат

                                        

Мұғалімдер жетістіктері

1

VІІ Халықаралық педагогикалық Инновациялар Жәрмеңкесі

Нұрхамит Н Н

 Грамота «Педагогикалық тәжірибеге

шолу»  атты  таныстырылым алаңшасына  қатысқаны үшін

2

VІІ Халықаралық педагогикалық Инновациялар Жәрмеңкесі

 

3

Қашықтық олимпиада информатика

Шаймардан Х

Алғыс хатпен

4

Педагогтардың қашықтық байқауында «Үздік ашық сабақ»

Бекбаева А. Н

Грамота

Номинациясының жүлдегері атанды.

5

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте»

тақырыбында педагогтардың арасында қашықтық байқау

 

 

 

Алиякбарова  А. С

ІІ дәрежелі Дипломды

6

Білім –педагогикалық журнал №1 3бет

Қаршыбекова А. Н

«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ағылшын тілі арқылы дамытудың

жолдары»  мақала жарық көрді

 2017-2018 оқу жылына өз санаттарын

көтеруге 9 мұғалім өтініш берді              

Аты-жөні

            Жетістіктері

Қандай санатқа өтеді

Аттестациялық комиссияның

шешімі

1

Райхан А

Оқушыларының жетістіктер,

диплом мен сертификатары және БАҚ беттеріндегі мақалалар

І санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

2

Алек Х

Оқушыларының облыстық

деңгейдегі дипломы, семинарларға қатысу. Ашық сабақтар мен тәрбиелеік

іс-шаралар

І санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

3

Смагулова Г. Қ

«Адам ж/е табиғат» республикалық

байқауда Жумагул Назира, Жақсыгелді Сабина –                          І орын,   баспа беттеріндегі мақалалар

І санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

4

Бекбаева А. Н

Оқушылардың диплом,

сертификаттары, баспа беттеріндегі мақалалар

І санатты растайды

Өтініші қабылданды

5

Балшых А

Оқушыларының облыстық

деңгейдегі дипломы, республикалық марапаттар мен  семинарларға қатысу. Ашық сабақтар мен

тәрбиелеік іс-шаралар

І санатты растайды

Өтініші қабылданды

6

Абышева А. Ж

Оқушылардың диплом,

сертификаттары, баспа беттеріндегі мақалалар

ІІ санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

7

Кусаинова М

«Brilish Buldog » oқушылардың

дипломы , сертификаттары, баспа беттеріндегі мақалалар

ІІ санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

8

Сарсенова З. Ж

Оқушылардың диплом,

сертификаттары «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» Аскербек А 10 сынып , баспа

беттеріндегі мақалалар

ІІ санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

9

Алек Д

Аудандық, мектепішілік қоғамдық

іс-шараларға белсене қатысумен интернаттағы оқушылардың бос уақытын тиімді

өткізуге атсалысуда

ІІ санатты сұрайды

Өтініші қабылданды

 

Осы атқарылған жұмыстарды ескере отырып, алдағы оқу жылына  мынадай міндеттер қойылды: 

 

1.     Оқушының пәнге

қызығушылығын арттыра, нәтижеге жету жолдарын қарастыра отырып, білім сапасын

арттыру;

2.     Дарынды оқушылармен жұмысты

жандандыру (пән олимпиадасы), алға қою және оқушыларды ғылыми жоба жазуға

ынталандыру;

3.     Оқушылардың «Жас

іздемпаздар» ұйым мүшелерімен жекелеме және топтық кеңес беру жұмыстарын қолға

алу;

4.     Үлгерімі төмен

оқушылармен жұмыс алға қойылып, жұмыс жүргізілсін;

5.     Бұқаралық ақпараттық

басылымдарға ұстаз еңбегін жариялауды қолға алу;

 

 

      Оқу ісінің меңгерушісі :   Г.Куатова

 

 

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст